Оқиға

Павлодарда 5 жасар қыз өгей әкесі емес, атасы зорлағанын айтып жаға ұстатты

  • © Sputnik / Алексей Вовк

    © Sputnik / Алексей Вовк

30 жастағы Виталий Дикальчук былтыр күзде 5 жастағы бүлдіршінмен жыныстық қатынасқа түсуге әрекеттенді деген күдікпен қамалған болатын. Ал оның кінәсіз деп танылуына наразылық білдірген тарап сот ғимаратында бұрынғы келіндерімен жаға жыртысты, деп хабарлады КТК.


Қаршадай қыз өзіне өгей әкесінің азғындық жасағанын атасына баяндап берген. Мұны естіп-білген оның туған әкесі бұл туралы бірден полицияға хабарлапты. Бұдан соң қамауға алынған 30 жастағы ер адам тергеушілерге өгей қызына қол тигізбенін жеткізген. 5 жасар бүлдіршін болса, кейін шешесіне өзіне өгей әкесі емес, туған атасының тиіскенін айтады. Ал мұндай сұмдыққа бармағанын алға тартқан қария бұрынғы келінін "жала жапты" деп айыптап, прокуратураға қарсы шағым түсірген болатын. Ақыры бұл іске қатысты бірнеше сараптама тағайындалып, сол арқылы бүлдіршінге еш азғындық жасалмағаны дәлелденді. Ал 5 жасар қызбен сөйлескен психологтар оған қысым жасалғанын анықтапты. Сөйтсе, тараптар қалағаныңды сатып әпереміз деп қаршадай қызға дегендерін жасатып келген.


Нақты дәлелдердің болмауына байланысты сот 30 жастағы Дикальчукты кінәсіз деп танып, оның қолынан кісен сот залында шешілді. Ал соттың бұл шешіміне наразылықтарын білдерген қыздың туыстары енді оны бұздыруға шағымданамыз деп отыр.


"Соттың бұл үкімімен мүлдем келіспеймін. Өйткені айыпталушының қызыммен жыныстық қатыныасқа түсуге әрекеттенгеніне қатысты дәлелдеріміз бар. Бірақ сот оларға мән бермеді. Бұл шешімді бұздыртамыз. Баламды жәбірлеген бұл оңбаған жауапқа тартылуы тиіс", — дейді бүлдіршіннің туған әкесі Анатолий Кудинский.


Sputnik


 


 




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.05.2018, 12:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30