Оқиға

Петропавл тұрғыны көлігімен полицейді қағып кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Петропавлда «Мерседес» көлігі полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Жүргізуші билік өкілдерінің заңды талабына бағынбады. Көлікті қуып жүріп тоқтату керек болды. Бірақ жүргізуші көліктен шығудан бас тартып, көлігін алдында тұрған полиция қызметкеріне қарсы айдады. Тәртіп сақшылары оны ұстау үшін күш қолдануына тура келді», - делінген хабарламада.


Кейінірек мәлім болғанындай, Петропавлдың бұрын көлік жүргізу құқынан айырылған 41 жастағы тұрғыны мас болған. Оған қатысты бірнеше құқық бұзушылық фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жүргізуші Петропавл 1-полиция бөлімінің жедел тергеу тобына берілді.


«Осы дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодексінің 380-бабымен («Билік өкіліне қатысты күш қолдану») тіркелді», - дейді полиция бөлімінің бастығы Балабек Жахин.


Тәртіп сақшылары полиция қызметкерлеріне бағынбау жағдайы жыл басынан бері осымен екінші рет тіркелгенін айтты.


 




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.01.2019, 21:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28