Оқиға

Полицейге пышақ ала жүгірген жас келіншек неге ашынғанын айтты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Мынаған қараудың өзі қиын. Бүтін бір отбасының тағдыры жатыр мұның артында.


Алматыда отбасыны күштеп пәтерінен шығармақ болған полицейлердің басы бәлеге қалды.


Бұл туралы 31 арна хабарлайды.


Тағы да сол пәтер дауы. Тағы да сол пәтерден тарыққан қазақ. Үйіне баса-көктеп кірген полицейлер мен сот орындаушыларына қарсы шыққан жалғызбасты-ана шарасы қалмағандықтан әлгілерге пышақ ала жүгіріпті.


Жұлдызай Андасбаеваның бесіктен белі шықпаған екі баласы бар. Жалғыз үйінен басқа дәнеңесі жоқ.


Алайда жүрексіз полицейлер жоғарыдан түскен бұйрықты орындауға келгенін айтып, Жұлдызайды екі баласымен бірге үйден шығаратынын айтады.


Есікті бұзып кірген әлгілерге жалғызбасты ана пышақ ала жүгіріпті.


Жұлдызайдың айтуынша, пәтерді осыдан 11 жыл бұрын «Халық банкінің» ипотекасы арқылы сатып алған. Алайда кейіннен банк қызметкері хабарласып, несиені төлеу кестесі жаңадан жасалып жатқанын осы себепті төлемді уақытша тоқтата тұруын өтінген екен.


Банктің пәтерді сатуға қойғанын Жұлдызай кейін бір-ақ білген. Банк үйді сатып та жіберген. Баспананың жаңа иелері сатып алған үйлеріне қоныстана алмай жүргеніне төртінші жыл болыпты.


«2013 жылы бұл үйді банктен сатып алдық. 2014 жылы Жұлдызай Андасбаеваны пәтерден шығару туралы шешім қабылданды. Осымен бесінші рет бұл отбасыны үйден шығармаққа бекініп келіп отырмыз. Заңды сатып алған баспанаға қоныстана алмай отырғанымызға 4 жыл болды. Неше түрлі сылтау айтып, пәтерден шыққысы жоқ. Біздің кінәміз жоқ, арыз-шағымы болса банкке айтсын» – дейді үйдің жаңа иелері.


Ал банк болса тіптен ат-тонын ала қашуда. «Халық банк» қызметкерінің айтуынша Жұлдызай Андасбаева ешқашан банк клиенті болмапты. Аталған пәтерді сатып алу үшін несиені басқа адамның атына рәсімдеген.


«Үйді алуы алды. Бірақ, несиесін төлеген жоқ. Банк 7 жыл шылдап келді. Ақыры үйді сатуға қойды» дейді «Халық банкінің» Алматыдағы филиал басшысы Тасбике Құдықова.


Айтпақшы, пәтерді делдал арқылы алғанын Жұлдызайдың өзі де мойындап отыр. Айтуынша, алыпсатарға алданып қалуы әбден мүмкін. Сол себепті пәтерді босатып берер түрі жоқ.


«Екі баламмен мына заманда қайда барамын?» дейді ол.


Ал есікті бұзып пәтерге баса-көктеп кірген полицейлердің бұл жолғы әрекетінен түк шықпады. Олар енді екі күннен кейін қайтып оралмақшы.


 




Көрілген: 1728    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.06.2018, 11:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30