Оқиға

Полицейлер көлік апатына себепші болып, өздері қашып кетті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қазіргі Қазақстанда не болмайды десеңізші. Мына полицейлер жол апатына себепкер болып, сосын «бәлесінен аулақ» деп өздері оқиға орнынан қашып кетті.


Полицейлер Алматыдағы Райымбек даңғылында ереже бұзған бір жүргізушіні көріп қалып, оны бас салып тоқтатпақ болған ғой, баяғы.


Бірақ әлгі жүргізушінің жол жиегіне қауіпсіз тоқтауына мұрша бермеген екен.


Жаны шыға жаздаған ескі Volkswagen Golf жүргізушісі оңға қарай ойыса берген, бірақ сол сәтте автобус жүретін арнайы жолақпен Kia көлігі ұшып келе жатыпты.


Екеуі полицейлердің көз алдында быт-шыт болып соғылды.


Полицейлер өз міндетін орындаудың орнына оқиға орнынан тез арада ізін суытыпты. Тіпті өздері де жол ережесін бұзып тұрып қашқан екен: бағдаршамда қызыл жанып тұрса да үшінші жолақтан оңға бұрыла салды.


Абырой болғанда адамдар зардап шекпеді. Ал Golf жүргізушісін апатқа «кінәлі» деп таныпты.



 


365info.kz




Көрілген: 1624    Пікірлер: 0

жұма, 13.04.2018, 16:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31