Оқиға

Полициядан қашқан өскемендік жүргізуші жүргіншіні қағып кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Көлікті мас күйінде тізгіндеген өскемендік полициядан қашамын деп жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі


Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қаласының жол-патрульдік полиция батальоны мас күйінде көлік айдаған жүргізуішіні ұстаған. Subaru Legacy көлігінің Вороштлов көшесімен қатты жүріп келе жатқанын байқаған сақшылар, күдікті көліктің соңына түсіп, бірнеше рет тоқтауын талап етеді. Жүргізуші бұйрыққа құлақ аспай, бағдаршамның қызыл белгісінен де өтіп кеткен.


Онымен қоймай, жаяу жүргіншіні қаққан.


«Қуғыншы экипаждың бір мүшесі зардап шегушінің қасында қалып, жедел жәрдем қызметін шақырды. 24 жастағы азаматша түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ал мас жүргізуші Красин көшесінің бойында ұсталды. Амалы таусылған жүргізуші көлігін тастап қашпақ болған. Сақшылардың жедел әрекеттерінің арқасында көлік иесі ұзап кете алмады» - делінген департамент таратқан ақпаратта.


«Қашқын» 27 жастағы Өскеменнің тұрғыны және оның астындағы көлік өзінікі болмағай шықты. Қазір бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.


 




Көрілген: 345    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.02.2018, 11:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30