Оқиға

Пойыз астынан өтпек болған 90 жастағы қария аяғынан айырыла жаздады

  • © inatyrau.kz

    © inatyrau.kz

Ақтөбенің Шалқар ауданы Бершүгір станциясында тоқсандағы қария абайсызда пойыздың астына түсе жаздады. Жүргелі тұрған пойыздың астынан өтпек болған қарияның екі башпайын пойыз басып кеткен, деп хабарлайды   Вaq.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.


Сақтық шараларының жиі қолға алынып жатқанына қарамастан, станцияда тұрғындар тарапынан жол бойын кесіп өтерде қауіпсіздік ережелері сақтала бермейді екен. Тоқсаннан асқан ақсақалдың пойыздың астынан қалай өтпек болғаны түсініксіз.


Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі қауіпсіздік қызметінің басшысы Айболат Дарбаевтың хабарлауынша, қария 1928 жылы дүниеге келген.


«Ауыл тұрғыны, жасы біразға келген, жол бойындағы қоршаудан да қалай өтіп кеткені белгісіз. Башпайларын пойыз басып кетті. Қария рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Белгілісі, үлкен кісі спирттік ішімдік ішпеген. Бүгінде тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақтөбе жүк тасымалының қауіпсіздікке жауапты қызметкерлері алдағы уақытта қорытындысын хабарлайды», – дейді ол.


Станция тұрғындары қауіпсіздіктен хабардар. Мектептерде, мекемелерде арнайы кездесулер жиі ұйымдастырылады. Алайда, ауылда көпір бола тұра, тұрғындар жол арасымен жүруін доғарар емес. Тіпті, арнайы қоршау да тұрғызылған. Алайда, оны да бұзып кетеді екен.


 




 




Көрілген: 205    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 15:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31