Оқиға

Сарбаздың құпия өлімі

  • © 31.kz

    © 31.kz

Жамбыл облысында құпия жағдайда сарбаз қайтыс болды. Луговое станциясында келісімшарт бойынша қызмет еткен әскери қызметкер жалдамалы үйінде асылып қалған күйінде табылған. Бірақ қайтыс болған азаматтың туысқандары үйлеріне табытпен оралған бауыр еті баласының өз-өзіне себепсіз қол салуы мүмкін емес,- дейді.


Луговое станциясындағы 03 811 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет еткен Рахматолла Теміровтің өлі денесі өзі жалдап тұрған үйінде табылған. Бөлмесінде жіпке асылып қалған 23 жастағы жігіттің өзіне нақақтан нақақ қол салып, өлімге баруы мүмкін емес. Осылай деген сарбаздың туысқандары үйіне табытпен оралған бауыр еті баласының денесін кеше жер қойынына тапсырды.


Жақындарының сөзінше Рахматолла өзіне қол жұмсау түгілі, кішкентайынан өзгеге қол көтеріп көрген жан емес дейді. Момын балаларын қызметтестері немесе бірге араласқан жолдастарының арасында біреуі басынып алған болуы мүмкін дейді. Соңғы рет бір күн бұрын жүріп жүрген қызымен сөйлескенде де дауысынан қорқыныш байқалғанын айтады.


Жақындарының сөзінше мәйітті алып кетуге барғанда жігіттің денесінің бірнеше жерінен көгерген іздер және ернінің жырылғанын байқалған. Айтуларынша денесіндегі жарақаттар ұзақ уақыттан бергі оққының салдары болуы мүмкін. Бірақ әскери бөлімнің басшылығы біреудің әлімжеттік көрсетуі мүмкін емес дейді.


Марқұм болған Рахматолла Теміровтың жақындары тергеуден істің ақ-қарасын ашуды талап етеді. Балаларының өліміне кінәлі адамдар заң бойынша жазалануы тиіс дейді. 


31.kz




Көрілген: 1148    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.03.2018, 10:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30