Оқиға

Семейде 3 ай бойы жалақы алмаған жедел жәрдем жүргізушілері шу көтерді

  • Семейде 3 ай бойы жалақы алмаған жедел жәрдем жүргізушілері шу көтерді

    Семейде 3 ай бойы жалақы алмаған жедел жәрдем жүргізушілері шу көтерді

 Семейде жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері шу көтерді. Үш айдан бері жалақы көрмеген 30 қызметкердің шыдамы таусылған ұқсайды. Азаматтар әйел мен бала-шағаның көзіне қараудан қалдық дейді. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.


“Балаларымды мектепке жіберу үшін қарыздың үстіне қарыз алуға тура келді. Дүкендегілер нан да, темекі де бермейді. Оның үстіне айыппұл төлейтініміз тағы бар”, – деп ашынды жүргізушілердің бірі.


Жүргізуші азаматтар туған-туыстарына, достары мен банктерге қыруар ақша қарыз болып қалған. Жағдайдың мүшкілдігі соншалық жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа жаяу келуді шығарыпты. Себебі қалтада тіпті, жол ақысын төлейтін тиын қалмаған.


Ал басшылықтың жалақы бойынша қарызы 12 миллион теңгеге жеткен. Оның қашан жабылатынын ешкім білмейді. Ал станция басшылығы бүгін қызметкерлерді тағы да сабырға шақырды. Алайда қызметкерлер құрғақ уәдеге тойғандарын айтып ашынды. Олар енді кепіл қағазын талап етіп отыр.


Кәсіпорын тек жүргізушілерге емес, жанармай құю бекеттеріне де қарыз болып шықты. Басшылық бар мәселені ақшаны уақытылы аудармаған ведомствоға жауып отыр.


Айтпақшы, жүргізушілердің бір тобы дау көтергенімен, екіншілері жұмыс істеді. Сондықтан да науқастар бұл шудан зардап шеккен жоқ.


“Биыл тарифтердің өзгеруі мен қаржының кешіктірілуіне байланысты біз тамыз айында атқарылған жұмыстың актісіне енді ғана қол қойдық. Ақша бүгін, ертең, не болмағанда арғы күні аударылады”, – дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Шәріпова.




Көрілген: 249    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 23:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30