Оқиға

Шелек ауылындағы Орталық аурухана маңында төтенше жағдай: Үш адам қайтыс болды

  • Куәгер жолдаған видеодан кадр

    Куәгер жолдаған видеодан кадр

Алматы облысы Шелек ауылында болған төтенше жағдайдан екі сантехник пен медициналық қызметкер қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төтенше жағдай дүйсенбіде, 2 шілдеде түстен кейінгі уақытта Орталық аудандық аурухананың маңында болған. Жұмысшылар кәріз құдығын тексеріп жатып, газға тұншығып қалған.


"Куәгерлердің айтуынша, бастапқыда құдыққа 1967 жылғы ер адам кіріп, құлап кеткен. Оны құдықтан алып шығу үшін 1969 жылғы ер адам кіріп, есінен танып қалған. Содан екі қызметкердің өмірін сақтап қалу үшін медициналық қызметкерлер құдыққа түскен. Бірақ олар өз бетінше шыға алмағандықтан құтқарушылар шақырылған. Екі сантехник уланып қайтыс болды, ал медициналық қызметкерлер жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Кейінірек қызметкерлердің бірінің ауруханада көз жұмғаны хабарланды.


 




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.07.2018, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30