Оқиға

Шетелде жүрген шымкенттік жігіт тікелей эфирде көз жұмды

  •  © elitar.kz

    © elitar.kz

Бірнеше күн бұрын Ресейге жұмыс істеуге барған 18 жастағы Шымкент тұрғыны Ирфан Ахмеджанов әлеуметтік желілердегі тікелей эфир кезінде өзіне қол салды.


Трагедия 30 қаңтар күні Новый Уренгой қаласында болды. Ол жайлы жергілікті БАҚ хабарлады.


Жас жігіттің дос қызы elitar.kz тілшісіне оның үлкен жоспарлары болғанын, отбасын құруға дайындалғанын айтып берді.


"Ирфан Ресей аумағында бар-жоғы үш күн болды, әрине, бұл уақыт ішінде ақша тауып үлгермеді. Отбасы қайғыдан қан жұтып отыр, сол кеште не болғанын анықтауға тырысуда. Таяуда ғана қалыңдығына үйленуге ұсыныс жасап, әрі қарай бірге тұруды жоспарлаған еді, ол бақытты болатын. Мұндай қадамға не итермелегені түсініксіз", — деп хабарлады Светлана Саенко.


Оның айтуынша, марқұмның әкесі мен үш әпкесі бар, таяуда әжесі дүниеден озған. Сондықтан Ирфанды елге жеткізіп, жер қойнына тапсыруға отбасының шамасы келмей отыр.


"Біз қайырымды жандардан Ирфанды үйіне әкеліп, Шымкентте жерлеуге қажетті қаржыны жинауға көмектесуін сұраймыз", — деп атап өтті қыз.


Sputnik


 




Көрілген: 278    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 10:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28