Оқиға

Ішкі істер министрлігіне қарасты мекемеде граната жарылды

  • © sn.kz

    © sn.kz

Ішкі істер министрлігінде тағы бір былық. Қалмұханбет Қасымовқа бағынышты арнайы күзет басқармасының инспекторы полигонда граната түсіп, ауыр жарақат алды.


Жас жігіттің айтуынша, жарылғыш затты нұсқаушының өзі лақтырған. Граната 2 аяқтың ортасына, шабына жақын түсіп жарылғандықтан, ата-анасы баласының болашағына уайымдап, егіліп отыр деп хабарлайды 31 арна.


Полицияда 3 жылдан артық қызмет істеген Райымбек 3 қазандағы жағдайды жатқа біледі. Оқыс оқиға Астананың іргесіндегі полигонда бірнеше әріптесімен түскі астан келе жатқанда болыпты.


«Саптық жүріспен кетіп бара жатқанбыз. Сол кезде «жарылыс оң жақтан» деген команда болды. Бәріміз солға қарай құладық команда бойынша. Сол кезде атқан гранатасы менің аяғымның астына түсіп, бұтымның арасында жарылды», - дейді ҚР ІІМ Арнайы күзет басқармасының инспекторы Райымбек Рақымжанов.


«Қуық жағынан дене жарақаты келген. 2 аяғының сандарының еттері жартысы жоқ. Жұлынып кеткен жарылған жерде», - дейді жараланған Р.Рақымжановтың әкесі Мұрат Нұрғалиев.


Жас жігіттің анасы аяқтағы жара жазылып, тыртығы киім ішінде қалады ғой дейді. Тек, жыныс мүшесіне қатты зақым келмесе екен деп егіледі.


«Немере сыйлайды бізге деп қуанып жүргенбіз ғой. Тойын жасаймыз, үйлендіреміз баламызды деп. Ұрпақсыз қалуы қатты қинайтыны. Басшылар не қарап отыр? Әскериден 1 адам келген жоқ қой. Полковник пен келді инструкторы. «Біздің кінәміз жоқ ешқандай. Сіздің балаңыз дұрыс емес бұл жерде» деп маған кінә тағып келіп жатыр. Жарып тастап, онымен қоймай кінә тағады ғой бізге», - дейді жараланған Р.Рақымжановтың анасы Жанар Батырбекова.


Бұл жағдай бойынша 1 аптадай уақыт өтсе де еш ақпарат таратпаған Ішкі істер министрлігінің өкілдері, біздің арнайы сауалымыздан кейін ғана жауап берді.


«Әрине, олардың да өз қателіктері бар. Қазір әрине мына жақ кінәлі деп айта алмаймыз. Өйткені, қызметтік тексеріс біткен соң нақты қорытындысын алатын боламыз», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.


Бір айта кетерлігі, Райымбекті жаралаған граната оқу-жаттығуға арналған. Жауынгерлік гранатаға қарағанда жарылыс күші аз дегеннің өзінде зардабы мынадай болып отыр. Ал, жас жігіттің басына жақын түссе не болар еді? Жарасы жанына батса да, Райымбек анасының алдында «бәрі жақсы» деуден таяр емес.


caravan.kz

 




Көрілген: 232    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 15:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31