Оқиға

ШҚО-да екі баласымен өлі табылған әйелдің күйеуі полицей болып шықты

  • ШҚО-да екі баласымен өлі табылған әйелдің күйеуі полицей болып шықты

    ШҚО-да екі баласымен өлі табылған әйелдің күйеуі полицей болып шықты

ШҚО-дағы Үлкен Нарын ауылында түрлі жарақаттармен өлі табылған екі қыздың анасы суицид жасаған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ШҚО прокуратурасындағылар осы істің мән-жайын айтып берді. Алдын ала мәлімет бойынша, Үлкен Нарын ауылының тұрғыны әйелі мен екі баласының (10 жастағы және 8 айлық) денесін үйінен тауып алған.


"Әйелдің денесі сымға байлаулы күйінде тұрған. Ал балалардың денелері тілінген. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ШҚО прокуратурасы осы істі ерекше бақылауға алды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Осы оқиғаның мән-жайын анықтайтын процессуалдық прокурор тағайындалды", - деді ШҚО прокуратурасындағылар.


Алдын ала мәліметке қарағанда, тергеушілер әйел суицид жасады деген болжамға келіп отыр. Ал екі баланың өлімінің себебі анықталып жатыр.


Сондай-ақ, қаза болған әйелдің жергілікті мектепте информатика мен физика пәнінен сабақ бергені, ал оның күйеуінің аудандық ІІБ қызметкері екені белгілі болды.


Еске сала кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында үйлердің бірінен жергілікті әйелдің және оның екі қызының мәйіті табылғаны жайлы хабарланған болатын.




Көрілген: 1577    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 11.08.2017, 21:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31