Оқиға

ШҚО-да жаназаға барған ауыл тұрғындары суға ағып кете жаздады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Тарбағатай ауданында 25 адам тасыған өзеннің құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ауыл тұрғындары Тарбағатайдың Есім ауылына Қарғыба өзені арқылы ғана қатынайды. Жерлеу рәсіміне асыққан тұрғындар тасып жатқан өзеннен тіркемелі трактор арқылы өтпек болған.


Бірақ, трактор су ортасында өшіп қалып, жолаушылар арғы жағаға жаяу шыққан. Ені 35 метр болатын өзеннің тереңдігі бір метрден астам болған.


«Есім ауылында бірнеше шаңырақ қана тұрады. Ауылдан өзге елді мекендерге қатынайтын жол жоқ. Сондықтан, жерлеу рәсіміне келген тұрғындар ауылдарына қайту үшін төтенше жағдай қызметіне жүгінді. Біз келгенде бәрінің киімдері су болды, бойларын суық ала бастаған.Дер кезінде жетіп, барлығын қауіпсіз жерге жеткіздік» - дейді Тарбағатай ауданының №59 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Бақытбек Нұрғалиев.



Өрт сөндірушілер жол талғамайтын арнайы техникамен 25 адамды Есім ауылынан 30 шақырымда жатқан елді мекенге жеткізген. Төтенше жағдай қызметкерлері бұл кезеңде тау өзендері ашуына мінетінін, сондықтан мейлінше сақ болу керектігін ескертеді.



 




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.05.2018, 12:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30