Оқиға

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт адам ажал құшты (видео 18+)

  • © altaynews.kz

    © altaynews.kz

Тарбағатай мен Көкпекті аудандарының аралығындағы тас жолда бүгін сұмдық жол апаты болды. Жол үстінде екі автокөлік бетпе-бет соғылысып, төрт адам көз жұмған. Бұл туралы оқиға орнындағы куәгерлер хабар берді.


Жол апатында қаза болғандар — тарбағатайлық таксист, екі жолаушы әйел адам және екінші көліктегі жүргізуші жігіт. Көз жұмған әйелдердің бірі көлікте жолдасымен және немересімен отырған екен. Аман қалған жолаушылар барлығы дерлік ауыр жарақаттар алған.



-Жол апатында төрт адам көз жұмды, — дейді жол апатының куәгері, Мейір есімді азамат. — Екінші көліктегі жүргізуші зайсандық жігіт бас кезінде тірі болатын. Көліктен алып шыққан соң жан тапсырды. Артқы жақта Зайсанның жас қызы қауіпсіздік белдігін тақпай отыр екен, басы жарылып, аяғы сынған. Тағы бір жолаушының қолы, қабырғасы сыныпты. Бір бала аман, алдына сөмкесін ұстап отырған, рюкзактың арқасында тірі қалды.


Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі оқиға орнына екі сағаттан кейін әрең жеткен.


altaynews.kz 




Көрілген: 1216    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.06.2018, 20:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30