Оқиға

ШҚО-да жоғалған ветеринарлардың бірінің денесі табылды

  • © CC0 / Free-Photos

    © CC0 / Free-Photos

Шығыс Қазақстан облысында Күршім ауданының Үшбұлақ ауылына вакцинация жасауға бара жатқан Маралды ауылдық округінің ветеринарлары жексенбі күні жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс.


Жеңіл көлікпен жолға шыққан мал дәрігерлері діттеген жерге жете алмаған. Куәгерлердің айтуынша, Маралды ауылынан 5 шақырым жерде, Күршім өзенінің жағасындағы жардың маңында автокөліктің ізі табылған. Осыған сәйкес қазір өзен бойындағы жардың жиегінен жылдамдықты тежеу кезінде көліктің жарға ауып кету мүмкіндігі қаралып отыр.


"Қазір өзен тасып жатыр, ағыс өте қатты, ештеңе көрінбейді. ШҚО, ТЖД мамандары бар күшін салып жатыр. Құтқарушыларға 35 адамнан тұратын еріктілер тобы келіп қосылды, олар – жергілікті тұрғындар. Іздеу жұмыстары өзен және жағалау бойының барлығында жүргізіліп жатыр",-дейді Күршім аудандық ТЖБ басшысы Азамат Абдурахманов.


Кешке таман құтқарушылар ветеринарлық пункт қызметкерлерінің бірінің денесін судан алып шықты. Марқұмның денесі оқиға орнынан 30 шақырым жердегі Қыстау-Күршім ауылының маңынан табылды. Жоғалған ветеринарларды іздеу жұмыстары жалғасуда.


 


Sputnik




Көрілген: 1287    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.06.2018, 15:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30