Оқиға

ШҚО-да жоғалып кеткен таксистің денесі Зайсаннан табылды

  • © altaynews.kz

    © altaynews.kz

Азаматтың жоғалғаны туралы ақпарат полицияға 31 қазанда түскен еді.


«Апару» такси қызметінде жұмыс істеген Алтай Қалиевке іздеу салынғаны туралы жазған едік. Өкінішке қарай 54 жастағы таксистің денесі Зайсан ауданынан табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Алтай Қалиев 30 қазан күні 891 нөмірлі ақ түсті «Hyundai Accent» көлігімен жұмысқа кетіп, сол бойы үйіне қайта оралмаған. Өскемендік азаматтың жоғалғаны туралы ақпарат полицияға 31 қазанда түскен болатын.


Марқұмның туыстарының айтуынша, оны белгісіз біреулер азаптап өлтірген.


-Көлігі Зайсанның Айнабұлақ ауылынан табылды. 23 жастағы жас жігіт күдікті ретінде қамауға алынды деп естідік. Бірақ мұндай қылмысты жалғыз адамның жасауы мүмкін емес, оның жанында тағы да сыбайластары болуы мүмкін – дейді марқұмның жақын туысы.


Аталған оқиға туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі әзірге нақты ақпарат бермей отыр.


-Бұл жағдайға қатысты әзірге ресми жауап бере алмаймыз. Ресми хат жіберулеріңіз қажет, – деді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазина.


 




Көрілген: 520    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 09:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30