Оқиға

ШҚО-да қожалықтарды талқандап жатқан аюлар ел үрейін тудырды

  • ШҚО-да қожалықтарды талқандап жатқан аюлар ел үрейін тудырды

    ШҚО-да қожалықтарды талқандап жатқан аюлар ел үрейін тудырды

 Шығыс Қазақстан облысындағы елді-мекендер аюлар шабуылына тап болды. Жабайы жануарлар таулы аймаққа жақын орналасқан ауылдарды торуылдап, қожалықтардағы малды қыруға кірісіп кеткен деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Бұрын-соңды ауылды аймақтарға шабуылдамаған аюлардың бұл әрекетке баруына бал омартасы түрткі болған. Тәтті бал үшін келген жануарлар жергілікті омарташының бал арасын жайратып тастады.


Оған қоса, маймақ аңдар шаруа қожалықтарын тас-талқан етіп, мал атаулысын да қыруды бастаған.


Бұл өз кезегінде, аудандағы шаруа қожалықтарын шығынға мүлдем шаш етектен батырып отыр. Мұнда тіпті, бір аюдың өзі бір күнде алты бірдей сиырды жайратып тастаған. Жабайы аюлар мұны да аздық етіп, енді таулы аймаққа жақын ауылдарды торауылдауға көшті. Мал таусылғанда адамдар өзіміз жем боламыз ба деп дабыл қағуда.


Үрейі ұшқан жұрт аңдарды атуға да қауқарсыз болып шықты. Олардың айтуынша, қаруға деген рұқсат қағаздың бағасын олардың қалталары көтермейді.


"Ол қағаздың қымбаттылығынан бөлек, оны алудың өзі біраз уақытты алады. Бұлай жүре берсек, мал таусылғанда аюдың азығына өзіміз айналатын сияқтымыз ғой", - деп айтты алаңдаулы көпшілік.

Соңғы жылдары, ШҚО-дағы аюлар санының екі есеге көбейіп кетуіне осы мәселелер түрткі болса керек.


NUR.KZ.




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.05.2018, 09:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31