Оқиға

Шуда аударылған пойыздың жолаушысы апат туралы айтып берді

  • © Sputnik

    © Sputnik

Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан зардап шеккен жолаушының әйелі Sputnik-ке апат кезінде вагонда не болғанын және күйеуі Әліби Байжанов екі аяғын қалай сындырып алғанын айтып берді.


Айгүл Кәрімованың айтуынша, олар аударылған вагондардың бірінен екі бүйір орынға билет алған.


"Біз Астанадан Алматыға бара жатыр едік. 14-ші вагонда болдық. Мен бүйір орында отырдым, күйеуім жанымда отырған. Ұйқыдан тұрып, шай ішіп жатқанбыз. Сағат бірге таяп қалған уақыт. Бір кезде пойыз теңселіп, аударыла бастады… Бірден бір жерден ұстап қалу керек деген ой келді. Пойыз құлап бара жатқанын түсіндім. Ал күйеуім менен ұстамақ болды. Өйткені бүйір жақ болғандықтан оның қолына ештеңе іліне қоймаған", — деді ол Sputnik-ке берген сұхбатында.


Әйелдің айтуынша, пойыз аударылғаннан кейін олардың екі орны да жоғарыда қалған.


"Бұған дейін күйеуім: "Мына пойыздың тежегішінде ақау бар, жұлқып жатыр" деп еді. Көзді ашып-жұмғанша құлап кетті, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес", — дейді Кәрімова.


Сыртқа шығу үшін терезені сындыруға тура келген.


"Шаңғып кетті, балалар жылап жатыр – біздің вагонда 18 бала болды! Құдай сақтап бәрі аман… Күйеуім: Айгүл, аяғым сынып кетті" деді. Адамдар жоғары қарап қалған терезені сындырып, оны шығарып алды. Содан кейін талдардың арасына алып барып жатқызды. "Жедел жәрдемді" күттік. Ашық сынықтан қан кетіп жатты, сүйегі көрініп тұрды", — дейді әйел.


Көз жұмған жасөспірімді Кәрімова алыстан көріпті. Оның өмірін құтқарып қалуға әрекеттенген, алайда нәтиже болмаған. Сонымен қатар, жолаушының айтуынша, апаттан кейін жолсеріктердің бірін тоқ ұрған. Алайда қазір оның жағдайы жақсы екен.


Бүгін Әлиби Байжановқа дәрігерлер ота жасауы тиіс.


"Екі аяғы да сынып кетті, бір аяғында жабық, екіншісінде ашық сынық. Дәрігерлер гипс салды. Күйеуім есін біледі, сөйлеп жатыр", — деп түйіндеді ол.


Кеше Жамбыл облысы Шу ауданында "Астана-Алматы" жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Пойызда 829 жолаушы келе жатқан. Апат кезінде 12 жасар жасөспірім көз жұмды. Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы 14 адам медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Олардың ішінде біреуі ғана ауруханаға жатқызылған.


Sputnik


 


 




Көрілген: 1477    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.06.2018, 09:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30