Оқиға

Шуда пойыз апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланды

  • Фото: train-photo.ru

    Фото: train-photo.ru

Шу қаласында болған пойыз апатынан зардап шеккен және қаза тапқан азаматтардың есімдері жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, пойыз апатынан 2006 жылы туған бала қаза тапқан. Оның есімі – Малинев Григорий Александрович. Сондай-ақ 14 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген.


Оқыс оқиғадан зардап шеккен 1 азамат ауруханаға жатқызылған. Оның жағдайы тұрақты. 13 адам дәрігерге қаралған соң үйлеріне жіберілген.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасы пойыз апатынан төмендегі азаматтардың зардап шеккенін алға тартады:


Исламғали Ақерке Бақытовна;

Самат Сұлтанәлі;

Өміржанова Әйгерім Құрмангазиевна ;

Даутов Әлішер Кенжеболатұлы;

Байжанов Альби Махамбетиярович;

Аубакиров Дидар Ахатұлы;

Талғат Кәмшат;

Каримова Айгүл;

Сексенбаев Уәлихан Молдагулович;

Воронцова Алина Юрьевна;

Воронцова Ева Валентиновна;

Севдеева Наталья Дмитриевна;

Севдеева Софья Дмитриевна;

Бозлаков Алмат Жомартович.


Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 17 маусым күні сағат 13.25-тер шамасында, «Шығанақ-Шу» учаскесінің «Жиделі-Бірлік1» перегонында жолаушылар тасымалдайтын Астана қаласынан Алматы қаласына бағыт алған №9 пойызының 6 вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше жағдай салдарынан 3 адам жарақаттанып, бір адам қаза тапты. Кейін жолаушылар Шу станциясына басқа пойызбен жеткізілді.


 


 


 


 




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.06.2018, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31