Оқиға

Шудағы пойыз апаты: Қасымов машинист ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды

  • © Sputnik

    © Sputnik

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған пойыздың машинисі ұсталған жоқ. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бұған дейін "КТК" телеарнасы Астана-Алматы бағытындағы пойызды басқарған машинистің ұсталғанын хабарлаған еді. БАҚ ақпаратынша, жолаушылар вагоны аударылған учаскеде кезекшілік атқарған теміржол жұмысшыларынан да жауап алынған.


"Оны ұстады деп кім айтты? Бұл жалған ақпарат, одан бар болғаны жауап алынып, кейін босатты. Бұл деген тұтас бір қылмыстық іс, сараптама жүргізіледі", — деді Қасымов үкімет отырысынан кейін.


Машинистің ұсталмағанын бірінші инвестициялар және даму министрі Роман Скляр де растады.


"Жоқ, ешкімді ұстаған жоқ. Тергеу объективті, ашық түрде жүргізіледі", — деп сендірді Скляр.


Еске салып өтсек, 17 маусымда сағат 13.25-те Жамбыл облысының Шу ауданында Астана-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының 8 вагоны рельстен шығып кетті. Пойызда барлығы 829 жолаушы болған, төтенше жағдай салдарынан бір бала қаза тапты. 25 адам медициналық көмекке жүгінген.


 


 




Көрілген: 345    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 14:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30