Оқиға

Шымкент тұрғыны үйіндегі ұрыстан кейін терезеден секіріп, мерт болды

  • © nur.kz

    © nur.kz

Шымкентте отбасылық жанжалдан соң туысқандарымен келісе алмаған азаматша төртінші қабаттан секіріп, оқиға орнында тіл тартпай кетті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Қайғылы жағдай Республика даңғылындағы № 45 үйде түнгі уақытта орын алды.


Қатты дауысты естіген тұрғындар подьезге қарай жүгірген. Әйел адамның денесін көрген олар қатты шошынып қалыпты.


Оқиға орнына тез арада жедел жәрдем қызметкерлері жетіп, азаматшаның көз жұмғанын растады.


"Мен өзім екінші қабатта тұрамын. Терезеден апат болғандай "гүрс" еткен дауыс естілді. Далаға шығып қарасам, көрші әйел жерде жатыр екен. Дереу 103-ке хабар бердік", - дейді марқұм болған азаматшаның көршісі.

Сондай-ақ, көршілердің сөзінше, қайғылы жағдай болған күні кешкісін марқұм әйелдің отбасында жанжал болған көрінеді.


Алдын-ала болжам бойынша, азаматша терезеден өзі секіріп, суицид жасаған.


Полиция қызметкерлері қазір істің ақ-қарасын анықтауда. 




Көрілген: 299    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.05.2018, 16:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31