Оқиға

Шымкентте жоғалған 2 жасар бүлдіршінді құтқарушылар судан іздеп жатыр

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шымкентте кеше 2 жасар бүлдіршін жоғалып кетті. Әлинұрдан ата-анасы қаладағы тойханалардың бірінің алдында көз жазып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Әлинұрды тойханадан шыққан бойда таба алмай қалдық. Бәріміз жабылып іздедік. Тойхананың жанынан Қарасу өзені ағады. Сонда түсіп кетті ме деп құтқарушыларды шақырдық. Полицияға хабарластық. Іздемеген жеріміз жоқ. Мүмкін оны біреу көлікпен қағып кетіп, қорыққаннан алып кетті ме деп те ойлап отырмыз», - дейді бүлдіршіннің анасы Әгерім Ерманова.


Із-түзсіз жоғалған Әлинұрды кешеден бері құтқарушылар судан іздеп жатыр. Өйткені бала суға түсіп кетуі мүмкін деген болжам бар. Қазір 20 құтқарушы Қарасу өзенінің басынан екі шақырымдай жерді қарап шыққан.


«Баланы іздеуге 20 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылған. Бізге ата-анасы кеше сағат 16.00-дер шамасында хабарласты. Сол уақыттан түнгі он бірге дейін іздедік, табылмады. Бүгін таңғы сағат 7.45-тен іздеу жұмыстарын қайта бастадық. Өзеннің біраз жерін қарап шықтық», - дейді облыстық ТЖД судан құтқару жасағының бастығы Орынбасар Төртбаев.





Қалай болғанда да бүлдіршін әлі табылар емес. Ата-анасы енді көпшіліктен көмек сұрап, әлеуметтік желілерге хабарлама беріп жатыр.


Айтуларынша кішкентай Әлинұрдың сол жақ бетінде тыртығы бар. Егер балақайды көргендер болса анасының 87710778000 нөміріне хабарласуларын сұрайды.


 




Көрілген: 686    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.03.2018, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31