Оқиға

Шымкенттегі 3 жасар қыздың өлімі: Интернет арқылы пицца мен сушиге тапсырыс берген

  • Шымкенттегі 3 жасар қыздың өлімі: Интернет арқылы пицца мен сушиге тапсырыс берген

    Шымкенттегі 3 жасар қыздың өлімі: Интернет арқылы пицца мен сушиге тапсырыс берген

Шымкентте кафеде тамақтанған қыздың өлімінен кейін тексеріс жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасап.


"Шымкентте баланың уланып, кейін қайтыс болу дерегі бойынша "Адана" кафесінде жоспардан тыс тексеріс басталды. Бактериологиялық зерттеу кезінде жүргізілген алдын ала тексеріс кезінде зардап шеккендер жеген пиццалар алынды. Олар пиде жеген, сүт пен бананнан жасалған коктейль мен су ішкен. Бұдан бөлек, кафе қызметкерлері тексерістен өтті. Тексеріс барысында зардап шеккендердің кафеден кейін үйге интернет арқылы пицца мен сушиге тапсырыс бергені анықталды. Барлығы зерттеуге алынды", - деп хабарлады комитет өкілдері.


Сондай-ақ, ведомство өкілдері бала өлімі дерегі бойынша Шымкенттің Денсаулық сақтау басқармасы мен Қоғамдық денсаулық комитеті өкілдерінің комиссия құрғанын, онда тәуелсіз сарапшылардың болатынын айтып өтті.


Қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жоспардан тыс тексеріс жүріп жатыр. Зерттеу нәтижесі қосымша хабарланады.


Еске сала кетейік, мұның алдында Шымкентте кафеде тамақтанғаннан кейін үш жасар қыздың қайтыс болғаны хабарланған болатын. Бұл туралы қыздың анасы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


Әйелдің айтуынша, ол 8 қыркүйекте қызымен бірге қаладағы кафелердің бірінде тамақтанған. Бірақ келесі күні олардың жағдайы нашарлап, лоқси бастап, нәтижесінде қыз ауруханада көз жұмған.

 




Көрілген: 290    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 17:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30