Оқиға

Шымкенттегі жарылысқа артиллериялық снаряд себеп болған

  • © sputnik

    © sputnik

Шымкентте артиллериялық снаряд жарылып, 2 адам зардап шекті. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«11 ақпан күні Шымкент қаласының екі тұрғыны ескі үлгідегі артиллериялық снарядтың жарылуы салдарынан түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды. Жарылыс екі тұрғынның бірінің снарядты арамен кесуінен орын алған. Олар оны металл қабылдау орнына өткізбек болған, - деді ол.


Департамент басшысының айтуынша, Шымкент қалалық полиция және төтенше жағдайлар департаменттері, сонымен қатар өзге де мемлекеттік органдардың мамандары мен қызметкерлерінен жасақталған жедел тергеу тобы жарылыс орнын қарау барысында дәл сондай артиллериялық снарядтарды тапқан.


«Зардап шегушілердің туыстарының айтуынша, оқ-дәрілер түн ішінде Арыс қаласынан металл ретінде өткізу үшін әкелінген. Қазіргі уақытта оқ-дәрілердің қайдан алынғанын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 287- бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Алмас Садубаев.


 




Көрілген: 270    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.02.2019, 20:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28