Оқиға

СҚО-да боранда жоғалып кеткен 20 жастағы ауыл мұғалімінің денесі табылды

  • Көрнекі сурет. Ⓒtengrinews.kz

    Көрнекі сурет. Ⓒtengrinews.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлихан ауданында жоғалып кеткен мұғалім өлі күйінде табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Жасы жиырмаға енді ілінген жігітті полиция мен төтенже жағдай, әкімдік қызметкерлері бір тәулік бойы іздеген.


Аудандық ІІБ бастығы Марат Әлжановтың айтуына қарағанда, құрамына еріктілер қосылған іздеу тобы жақын маңдағы ауылдардың барлығын тексерген. Ақмола облысының Ішкі істер департаментіне хабар берілген.


«Жоғалып кеткен Береке ауылының 20 жастағы тұрғыны өз аулынан 10 шақырым жерден табылды. Мәйітте дене жарақаты жоқ. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді», - деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметінен.


Береке ауылында тұратын мұғалім күндіз үйінен мектепке шығып, із-түзсіз кеткені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Бейсенбі күні аталған ауданда қатты жел тұрып, боран соққан еді.


 


 




Көрілген: 623    Пікірлер: 0

жұма, 12.01.2018, 18:17

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30