Оқиға

Солтүстік Қазақстанда мектептен шыққан мұғалім боранда жоғалып кетті

  • © Sputnik / В.Чистяков

    © Sputnik / В.Чистяков

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен Уәлиханов ауданының 20 жастағы тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik .


Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Уәлиханов ауданында ішкі істер бөлімінің жеке құрамы кеше дабыл бойынша көтерілді.


"ІІД және аудандық ішкі істер бөлімі, сондай-ақ төтенше жағдайлар және әкімдік қызметкерлері екінші күн Береке ауылының 20 жастағы тұрғынын іздеп жатыр. Бейсенбі сағат 12:30 шамасында мұғалім мектептен шығып кетіп, осы уақытқа дейін үйіне оралған жоқ. Жолда оның ауылдасының үйіне кіргені белгілі болды. Үйден шыққасын боранда белгісіз жаққа кетіп қалуы мүмкін", — дейді аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Марат Әлжанов.


Полиция подполковнигінің айтуынша, іздеу топтары жұмыс істеп жатыр. Мұғалім көрші ауылдардан да іздестірілуде, Ақмола облысының полицейлері де жағдайдан хабардар.


 


 




Көрілген: 450    Пікірлер: 0

жұма, 12.01.2018, 14:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31