Оқиға

Талдықорғанда 4 жастағы баланы ит талады

  • Көрнекі сурет.  © Бердянск 24

    Көрнекі сурет. © Бердянск 24

Талдықорған қаласында балабақшадан қайтып келе жатқан 4 жастағы балаға ит тап берген, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


«Жаңа ғана 9 сыныпта оқитын ұлым кішкентай қызымды балабақшадан алып келе жатқанда көшедегі ит 4 жастағы қызыма тап беріп, тістеп алды. Абырой болғанда өтіп бара жатқан адамдар бірден баламды иттен арашалап, көмек көрсетіп, итті байлап тастады. Әйтеуір, куртканың қалыңдығынан бала жараланбаған. Бірақ қатты шошынып қалған. Қол-аяғы дірілдеп, өңі қашып кеткен. Ветеринарияға қоңырау шалып едім, әлі хабар жоқ. Сан сылтауды айтып, баламды қапқан итті үйіңізге байлап қойыңыз деп өзімді шошытты. Тек полицейлер келіп, иттің иесін анықтаймыз деді», - дейді талдықорғандық Шынар Серікқалиқызы.


Шынардың айтуынша, оқыс оқиға бүгін Талдықорғанда Балпық би мен Дарабоз ана көшесінің қиылысында болған. Қатты шошынған бала мен ана далаға шығудан үрейленіп отыр. Олар жауапты мамандардан қаланы қаңғыбас иттерден тазалауды сұрады.


 




Көрілген: 934    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.03.2018, 10:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30