Оқиға

Тараз, Шымкент пен Қызылорда облысының тұрғындары бір күнін үрей-қорқынышпен өткізді

  • Тараз, Шымкент пен Қызылорда облысының тұрғындары бір күнін үрей-қорқынышпен өткізді

    Тараз, Шымкент пен Қызылорда облысының тұрғындары бір күнін үрей-қорқынышпен өткізді

Тараз, Шымкент пен Қызылорда облысының тұрғындары не болғанын түсінбей, бір күнін үрей-қорқынышпен өткізді, - деп хабарлады 31-арна. Өйткені, осы үш өңірге қарулы жасақ пен әскери техникалар кіргізілгенде, тағы да лаңкестер ойран салды ма деп шошығандар да болды. Тек артынан белгілі болғандай, Ұлттық қауіпсіздік қызметі мұнай ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ірі қылмыстық топты ұстаған. Арнайы операция кезінде 8 адам қолға түскен. Олардың ішінде Қызылорда облысының көлік прокуроры Нұрлан Серіков те бар.

Кеше басталған арнайы операция кезінде заңсыз мұнай және мұнай өнімдерін сату, сатып алу және сақтаумен айналысты деген айыппен күдіктелгендердің тұрғылықты мекен жайлары мен оларға тиесілі кәсіпорындар толықтай тексерілген. Жедел іздеу топтары жалпы саны 21 тінту іс-шарасын жүргізген. Атап айтар болсақ, Қызылорда қаласында орналасқан « КАИС- сервис» бен Тараз қаласындағы «Қарамай Ойл» компаниясында тінту іс-шаралары өтті. Жедел-тергеу топтары тінту жұмыстарын әлі де жалғастыруда.



www.31.kz


 


 




Көрілген: 1030    Пікірлер: 0

жұма, 19.05.2017, 10:41

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30