Оқиға

Тәрбиешісі өзіне қол салған балабақша басшылығы пікір білдірді

  • © nur.kz

    © nur.kz

Тәрбиешісі өзіне қол салып, өлмек болған «Сұңқар» балабақшасының меңгерушісі оқиғаға қатысты пікір білдірді   NUR.KZ порталы. Балжан Еламанованың сөзінше білім мекемесінде бәрі «керемет».


«Сізге кім айтты мұндай жағдайды? Айгүл Темірханқызы жұмыстан босатылған да жоқ, өзіне қол салды деген әңгіме де өтірік. Балабақша бәз қалпында жұмыс жасап жатыр. Мен сізден бірінші рет естіп тұрмын. Кеше ғана тәрбиешімен кездестім. Кіші баласы аурушаң болған соң ақпан айынан бастап ақылы демалысқа кетті. Тіпті, кетер де бетімнен сүйді. Ал мекеме қабырғаларының көгеріп кетті дегені тіпті өтірік. Қазір келіп көрсеңізде ондай жоқ. Оны ата-аналар фотошоппен бояп, жасап алған шығар, бәле жабу үшін» ,- деді Балжан Еламанова.


Ал Іле аудандық білім бөлімінің басшылары болса оқиғадан хабардармыз, бірақ «қолымыз байлаулы» дейді.


«Тәрбиешінің өзіне қол салғаны, мекеменің қабарғасы көгеріп, шу болып жатқанын кеше естідік. «Сұңқар» балабақшасы мемлекеттік тапсырысты орындайтын, жеке меншік мекеме. Барлық былығын біліп жатсақ та тексере алмаймыз, құқымыз жоқ. Ол жерде 307 бала тәрбиеленіп жатыр. Маман ретінде айтарым, балалар орталығында осындай оқиға болып жатқаны өте өкінішті. Бұл оқиғаны тек полиция ғана тергей алады. Тіпті, прокуратураның құзырына кірмейді. Себебі, «шағын бизнесті қолдау» бағдарламасы аясында, тексеру жүргізуге тиым салынған» ,- деді Іле аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары Гүлнәр Саттарқұлова.


Естеріңізге сала кетсек, балабақша басшысының балағаттаған сөзі мен қыспағына шыдамаған тәрбиеші Айгүл Нұрбаева кеше өзіне қол салып, өмірімен қоштаспақ болған еді. Дәрігерлер екі баланың анасына шұғыл көмек көрсетіп, қайлығы оқиғаның алдын алды. Алматы облыстық ІІД хабарлауынша аталған жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. 




Көрілген: 373    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 12.01.2018, 14:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31