Оқиға

Телефондағы паролді өшіруді ұмытқан қыз 50 мың теңгесінен айырылды

  • © REUTERS / Stephen Lam

    © REUTERS / Stephen Lam

Көкшетауда киви-әмиян арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі.


Полицейлердің мәліметінше, 5 ақпан күні Көкшетау ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, көмек сұраған. Қыздың айтуынша, белгісіз біреу өзінің киви-әмиянына аударған 50 мың теңгесін иемденіп алған.


Материал жинау барысында жедел уәкілдер зардап шегуші бірнеше күн бұрын Көкшетауда тұратын жас жігітке ұялы телефонын сатқанын анықтады. Қыз ұялы телефонда сақталған паролдерді өшіруді ұмытып кеткен, қылмыскер оны өз пайдасына пайдаланған.


Қазіргі таңда 22 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Полицейлер ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.


Полицейлер азаматтардан қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтап, еш уақытта бөгде адамға пароль, шот нөмірі сияқты құпия ақпараттарды бермеуді сұрайды.


"Ешқашан мессенджерлер арқылы жеке куәліктің, квитанциялар мен шоттың көшірмесін жібермеңіздер. Қандай сылтау айтса да белгісіз біреуге қаржы аударуға болмайды. Егер алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу мекенжайыңыз бойынша ішкі істер органдарына хабар беріңіз", — деп атап өтті құқық қорғаушылар.


Sputnik


 


 




Көрілген: 826    Пікірлер: 0

жұма, 23.02.2018, 15:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30