Оқиға

Теміртауда 10 жасар қыз суицид жасады

  • © Вaq.kz

    © Вaq.kz

Теміртауда №1 орта мектептің 5-сынып оқушысы өз үйінде суицид жасады, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.


Бұл уақытта үйінде үлкендер болған.


Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров аталған факті бойыншы қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.


«Мұндай оқиға тіркелді. Қазір ҚР ҚК «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» 105-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр», - деді Бақытжан Құдияров.


Теміртау қаласының білім басқармасының басшысы Есентай Әшімнің айтуынша, қыз сабағын жақсы оқыған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әпкесі оны көрген кезде қасында қызыл мойынорамал болған.


«Мұндай оқиға шынымен болды. Ол бесінші сыныпта оқиды, үздік, белсенді қыз. Оқиға үйінде анасы, әпкесі бар кезде болды. Анасы кішкентай баласын емізіп жатқан. Ал қыз өз бөлмесінде сабағын оқып отырған. Анасы үлкен қызына сіңілісін тамақ ішуге шақыртады. Әпкесі келсе, 5-сынып оқушысы қайтыс болған. Қасында қызыл шарф және ұялы телефон жатқан. Телефонда деструктивті ойын ашылып тұрған болып шықты», - деді қалалық білім басқармасының басшысы Bnews.kz басылымына берген мәлімдемесінде.


Педагогтардың ақпаратына сәйкес, қыз үлгілі отбасынан шыққан, үйінде ешқандай кикілжің болмаған.


Ал, туыстары қыздың смартфоны да болмағанын жеткізді. Ол анасының телефонын арасында алып тұрған. Бірақ анасы мұндай «ойынның» барын да білмеген.


 


 




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

жұма, 09.02.2018, 12:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30