Оқиға

Торт ішіндегі құрт: «Магнум» сапасыз өнімді жеткізушіге қайтарып берді

  • Торт ішіндегі құрт: «Магнум» сапасыз өнімді жеткізушіге қайтарып берді

    Торт ішіндегі құрт: «Магнум» сапасыз өнімді жеткізушіге қайтарып берді

«Магнум» сауда орталығы жеткізушіге 90-ға тарта тортты қайтарып берді. Торттың ішіндегі біреуінен құрт табылған болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


«Магнум Кэш энд Кэрри» ЖШС мен «Бахус Центр» ЖШС-ның ақпаратына сәйкес, «Магнум» СО жедел түрде тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның нәтижесі бойынша төрт пісіретін «Мир Тортини» ЖШС-нің 91 торты сауда сөресінен алынып, жеткізіп берушіге қайтарылған. Сонымен бірге, болған жайдың себебі анықталғанша аталған өнім қабылданбайтын болды», - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің сауалына жауап берген Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.


Аталған жайға сатып алушының әлеуметтік желіде қалдырған шағымы себеп болған. Ол видеода сауда орталығының сөресінде тұрған торттың ішінде қатып қалған құртқа ұқсас зат көрсетілген.


Құрттың табылуы астаналық сатып алушылар кездестірген алғашқы жағдай емес. «Столичный хлеб» компаниясының өнімінен Facebook қолданушылары орамжапырақтың тілімін тауып алған.


Facebook қолданушыларының тағы бірі 5 минут бұрын ғана сатып алынған тартылған еттен жүн талшығының тауып алғанын түсірген.


«Сәтпаев 14 мекенжайындағы «5 минут» дүкеніне тексеру жүргізілді. Ол дүкеннен 21 келіге жуық тартылған ет тәркіленіп, жойылды. Ал «Столичный хлеб» ЖШС-нің нан-тоқаш цехында ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді департамент өкілдері.


 




Көрілген: 650    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.02.2018, 15:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30