Оқиға

Тойдан кейінгі қаза. Алматы облысында бүтіндей бір отбасы жұмбақ жағдайда жол апатына ұшырады

  • © 31.kz

    © 31.kz

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Үшқоңыр ауылында жұмбақ жағдайда бүтіндей бір отбасы жол апатына ұшырады. Жантүршігерлік жағдай тамыздың бесінен алтысына қараған түні орын алған. 31 жастағы азамат оқиға орынында тіл тартпай кетсе, жеті айлық сәби ауруханада көз жұмған.


Қаскелең қаласынан тойдан шыққан жас жанұя Үшқоңырға кіре берісте белгісіз себептермен көліктерін тоқтатып, жол бойына шыққан. Ары қарайғы оқиға бәріне беймәлім. Түнгі екі жарым мен үштің арасында 31 жастағы Бақытжанның жаралы денесін "Мерседес" автокөлігі 22 метрге сүйреп әкеткен. Ал жары мен баласының денесін жолдың жиегінен тапқан.


НҰРМҰХАН АҚЖІГІТОВ, Б.Ақжігітовтың туған ағасы:


– Мына шөптің үстінде жатқан екі адам. Қандай скорость пен соғу керек ол екі адам ұшып кету үшін. Кукла сияқты ұшып кеткен екеуі де.


Оған дейін оларды жүк көлігі қағып кетуі мүмкін деген болжам бар. Байқамай басып кеттім деген екінші жүргізуші Бақытжанды соқпадым, ол оған дейін жолда жатқан деп туыстарынан кешірім де сұрапты.


НҰРМҰХАН АҚЖІГІТОВ, Б.Ақжігітовтың туған ағасы:


– Әркім әр жақта, жолдың жанында шашылып жатқан. Ініміз жолдың бойында қалған. Біреу соғып кеткенге ұқсайды. Екінші адам көрмей басып кеттім дейді, басқаннан кейін тоқтап машинасынан шығып қараса, дөңгелектің астында адам жатыр екен деп өзі айтқан.


Жедел жәрдем келгенше көз жұмған Бақытжан көп қан жоғалтқан екен. 7 айлық Дәулет ауруханада жан тапсырыпты. Ал комада жатқан Әйгерімнің хәлі мүшкіл. Қаскелеңдегі қалалық ауруханада емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күйеу баласы мен немересінен бір ақ күнде айырылып қалған Кенжегүл қабір басына күнде келеді. Оның ендігі арманы екі төмпешік болып қалған ең жақын адамдарының өмірін қиған жүргізушіні тауып, заң алдында жауапқа тарту.


КЕНЖЕГҮЛ МҰРАТБАЕВА, А.Жұмамұратованың анасы:


– Әлі өзіне келген жоқ, бірақ үміттенемін. Алла Тағалам енді осы балапаны мен жолдасының қалған ғұмырын қызыма берсін.


Жауабынан сұрағы көп оқиғамен Алматы облысының ІІД айналысуда. Бұл істің мән - жайын әлі де анықтап жатырмыз, кінәлі жауапсыз қалмайды деп отыр.


Сол маңда орналасқан мейрамхананың бейнебақылау камерасына дәл сол кезде жолдан ерсілі-қарсылы өткен 100-ге жуық көлік тіркелген. Алайда көрдім-білдім деген бір адам жоқ. 


31.kz




Көрілген: 1773    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 11.08.2017, 09:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31