Оқиға

Түркістанда апатқа ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей жанып кетті (видео)

  • Көрнекі фото

    Көрнекі фото

Түркістанда жол бойында апатқа ұшыраған автокөлік жарылды. Қас пен көздің арасында отқа оранған темір тұлпардан шыға алмаған жүргізушісі тірідей жанып кеткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Оқыс оқиға кезінде Ауди көлігі ауыр жүк көлікпен соқтығысқан. Қатты соққыдан көлік бірден отқа оранған. Бірер минут өтпей жойқын жарылыс болыпты.


Өрт сөндірушілер жеткенше көліктің түгі қалмай жанып кеткен. Машинадан шыға алмаған күйі бақилық болған жүргізушінің кім екені әлі анықталған жоқ.


" 04.06.2018 ж сағат 22.35-тер шамасында Түркістан қаласы Б. Саттарханов даңғылында жол апаты орын алған. Мұнда Ауди және Foton жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктегі жүргізуші қаза тапты. Өрт 10 минутта оқшауланып, 20 минуттың ішінде толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда", - деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметі.



 




Көрілген: 1130    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.06.2018, 16:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31