Оқиға

Түркістаннан Алматыға жолға шығып, хабарсыз кеткен жасөспірім табылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

25 маусым күні Түркістан облысынан Алматы облысына қарай автобуспен жолға шығып, хабарсыз кеткен Амиржан Кучаков табылды. 16 жастағы жасөспірім бүгін түстен кейін ата-анасымен қауышты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Амиржан Кучаков Алматы облысындағы Қарасай ауданының Қаскелең қаласына келіп, жоғалған. Оның ата-анасы баланың жоғалғандығы жөнінде аудандық ІІБ-ге хабарлап, бірден тәртіп сақшылары іздеуге кірісті. Амиржанның телефоны тексеріліп, оның соңғы рет қай жерде, кіммен сөйлескені анықталды. Нәтижесінде, Амиржан базарлардың бірінде өзінің жерлесін тауып, сонымен бірге Түркістан облысындағы Ордабасы ауданының Амангелді ауылына қарай жолға шыққаны белгілі болды. Бала сол ауылдан табылды. Алматы облысының тәртіп сақшылары Амиржанның табылғандығы жөнінде ата-анасына хабар беріп, жасөспірімді жақындары алып кетті», деп мәлім етті Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.


Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін 16 жастағы жасөспірімнің жоғалғандығы жөнінде хабарлаған болатынбыз.


 




Көрілген: 876    Пікірлер: 0

сенбі, 30.06.2018, 20:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30