Оқиға

Үлкен Алматы өзеніндегі су қызыл түске боялды: Сараптама нәтижесі шықты

  • Видеодан алынған кадр

    Видеодан алынған кадр

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары Үлкен Алматы өзенінде қызыл түске боялған су бойынша жүргізілген тексерістің нәтижесін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еске сала кетейік, мұның алдында қызыл түске боялған суға сараптама жасалатыны хабарланған болатын.


"(...) Талдау жүргізу үшін судың сынамасын алдық. (...) Өзен маңындағы барлық нысандарды қарап шықтық: типографиялар, техникалық қызмет көрсету орталығы, лак-бояу материалдарын сататын компаниялар, - деп хабарлаған еді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.


"Судың құрамында уландырғыш және химиялық элементтердің бар-жоғына қатысты сараптама жүргізілді. Судың құрамынан бұл заттар табылмады", - деді Айзат Молдағасымова.


Осыған дейін Алматы қалалық Экология департаменті басшысының орынбасары Данияр Құрманбеков біреу өзенге бояу лақтырған болуы мүмкін деп болжаған еді.


 




Көрілген: 608    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.05.2018, 14:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30