Адамның миы дельфиндікінен 300 грамға кем екен…

Адамның миы дельфиндікінен 300 грамға кем екен…

Ұмытпасам, 7-сынып оқып жүргенде болса керек, әкем видеомагнитофон әкелді. Ол кезде ауылда екі-үш үйде ғана болатын. Сол күннен бастап, кеш батса болды көрші-қолаң, туған-туыс біздің үйге жиналатын. Той жасағандай абыр-сабыр болатынбыз. Балалығым ғой, туған күніме «Том мен Джерридің» мультфильмін сыйлауды өтіндім. Бірақ әкем менің өтінішімді орындамады. Мультфильм емес, «Винниді босатыңдар!» деген кино әкелді. Әкеме өкпелеп, үйдегілермен сөйлеспей қойғанмын. Қазір осы қылығым есіме түссе, қатты ұяламын. Өйткені, әлгі кино өте қызық әрі әсерлі еді… Кино Винни деген дельфин туралы болатын. Бір бай кісі балықшыларды жалдап, Винниді қақпанға түсіреді. Ондағы мақсаты – дельфинді қолға үйретіп, ақша табу. Бірақ дельфин оған көнбейді. Қатты қинап, тамақ та бермейді. Дельфинді Джесси деген жетім бала құтқарады. Екеуі дос болады. Баланың өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Осы киноны көргеннен кейін қоршаған ортаға басқаша көзбен қарайтын болдым. Әсіресе, торға түскен аңды көрсем, жаным ашитын. Әйтеуір, осы кино менің санамда қалып қойды. Өткенде Алматыға мәскеулік дельфиндердің келгенін естігенде, бірден есіме Винни түсті. Олар да Винни сияқты бостандықты қалайтындай көрінді… Осылайша, дельфинарийға асықтым… Билетті бір апта күтіп, әрең алдым. Көрдім. Өнеріне риза болдым. Дельфиндер доппен ойнап, сурет салды. Суда шалқалай жүзіп, қызықты қимылдар жасады. Цирк біткен соң, дельфиндерді жаттықтырушы Сергей Гринев және Роман Федотовпен таныстым. Ұзақ әңгімелесіп, көкейдегі сұрағыма жауап тапқандай болдым.
ЖАУЫНГЕР ДЕЛЬФИНДЕР
Ұлан: Дельфиндерді қайдан аласыздар? Олар сахнаға өз еріктерімен шыға ма?
С.Гринев: Бізге әртүрлі жағдайда түседі. Мәскеуде арнайы орталық бар. Соған балықшылар торына түскен немесе жарақаттанған дельфиндерді өткізеді. Дәрігерлер емдеп, өз ортасына жарамсыз болса, циркке өткізеді. Дельфинді үйде өсіретіндер де бар.
Р.Федотов: Жақында қызық оқиғаны естіген едім. Бір балықшы орталыққа хабарласыпты. Теңіз жағасына күнде бір дельфин шығып қалады екен. Балықшы оны теңізге қайта жібереді екен. Сөйтсе, құйрығына тор ілініп қалыпты. Сонда дельфин мұны тек адамдардың шығаратынын білген. «Дельфин» грек тілінен аударғанда, «бауыр, туыс» деген мағынаны білдіреді екен. Оның адамдарға жақын болу себебі де осыдан шығар.
Ұлан: Біз дельфин туралы нені білмейміз?
С.Гринев: Көп нәрсені білмейміз. Олар топтасып, бірге жүреді. Содан болар, алып акуланың өзі қорқады. Жақында ғалымдар дельфиндердің туыла сала ат қоятындарын анықтады. Бір ысқырған кезде бірнеше дельфиннің ішінен тек біреуі ғана бұрылатын болған. Дельфиндер көп жағдайда адамдарға ұқсас келеді. Аналық дельфиндер 12 ай көтеріп, 8 ай емізеді. Ұйықтаған кезде миы екіге бөлінеді. Яғни, бір бөлігі демалып, ал қалғаны жұмыс істейді. Бұл суда жақсы жүзіп, бір орында демалуына, дауыл тұрғанда суға шашалып қалмауына көмектеседі. Жаңа туылған кезде анасының жанында көмекші болуы керек. Өйткені, сәби делфиньге тыныс алуды үйретеді. Дельфиннің миы 1700 грамм. Салыстыру үшін айтсақ, адамның миы 1400 грамм. Адамға қарағанда, ми қатпарлары екі есе артық.
Ұлан: Дельфиндердің миы адамдарға қарағанда екі есе артық жұмыс істейді ғой демек?
Р.Федотов: Соғыс кезінде Дуров деген жаттықтырушы дельфиндерді із кесуші ретінде пайдалануды ұсынған. Бірақ жоспар дұрыс іске аспай, дельфиндер қырылып қалған. 1950 жылы АҚШ дельфиндерді жауынгер ретінде қатарға қосты. Олар кемеге желімделген 50 жарылғыш затты тапқан. Бірақ дельфиндерді адам өлтіруге үйрете алмапты. Сол үшін дельфиндердің мұрнына улы инені қыстырып қояды екен. Суда жүзіп жүрген жат адамдарды көргенде, әлгі инесімен шұқиды екен. Адамдардың әлсірегенін көріп, дельфиндердің жағдайы күрт нашарлайтын көрінеді.
СУҒА ҚАРҒЫП СЕКІРГЕНДІ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ
Ұлан: Қалам ұстауды, доппен ойнауды қалай үйреттіңіздер?
С.Гринев: Ол дельфиннің қабілетіне байланысты. Кейде бір-екі рет көргеннен-ақ үйреніп алады. Негізі дельфинге іс-қимылды үйрету үшін алты ай уақыт кетеді. Жаттығу кезінде «мен мынаны жасай аламын» деп өздері көрсетеді. Біз қағазға жазып аламыз. Егер селсоқ жүзсе, оның бүгін ешнәрсе жасамайтынын білеміз. Көбіне доппен ойнағанды, суға қарғып секіргенді жақсы көреді. Жұмыс біткен кезде барлық ойыншықты бассейнге тастаймыз. Сырттан бақылап тұрсаң, балықты жеп, допты бір-біріне лақтырады. Бұл өздеріне риза болғандарының белгісі.
Р.Федотов: Егер спортшы жаттығуды жіберіп алса, бабынан айрылып қалады. Дельфиндер де дәл осындай. Күнде жаттығу жасайды.
Ұлан: Қай жастан бастап сахнаға шығады?
Р.Федотов: 1-1,5 жастан бастап. Теңізде болса, 40 жасқа дейін өмір сүреді. Ал қолға үйретілгендері 50 жылға дейін. Өйткені, уақытында тамақ ішеді, дәрігерге де көрінеді. Осының барлығы оның өмірін ұзартады.
Ұлан: Тапсырманы орындағысы келмейтін кездері бола ма?
Р.Федотов: Әрине, олар да адам секілді ғой. Мұндайда балық беріп, еркелетеміз. Жануарды қинап жұмыс істете алмаймыз. Дәрігерлер ай сайын денсаулығын тексереді. Ағзасы адамға ұқсас болғандықтан, кейде өзіміз ішетін дәрілерді де береміз. Суда адам секілді жүзеді. Өйткені, желбезегі жоқ, өкпемен тыныс алады. Егер өкпесіне салқын тисе, жөтеледі. Сол үшін жақсы күтім керек. Әсіресе, суды теңіздің суына айналдыру қиын. Арнайы тұз қосамыз. Бұл дельфиннің терісіне әсер етеді. Қызыл балықты, уылдырықты жақсы көреді.
Ұлан: Өздеріне тән мінездері бар ма?
С.Гринев: Әрине, бар. Қара теңіздік афалин – Аиша мен Флинт. Ақ түсті кит – Данди. Аиша ерке қыз сияқты. Барлығын еркелеп, қуланып жүріп жасайды. Ал Флинт өте еңбекқор әрі ұмытшақ. Нағыз ер жігіттің бейнесін көруге болады. Данди отбасының тұтқасы десе болады. Дельфиндердің әртүрлі дыбыс шығаратын және қабылдайтын есту жүйесі жақсы дамыған. Дыбыс арқылы тамағын тауып жейді, қауіпті сезеді. Адамның тек қаңқа сүйектерін көреді. Бірде Сочиде мынадай оқиға болған еді. Сахнаға орныма ағамды шығардым. Екеуміз қатты ұқсаймыз. Күнде киетін киімдерімді бердім де, өзім судың шетіне барып тұрдым. Бірақ төрт дельфин де ағама бармай, өзіме қайтып келді. Сөйтсем, олар адамды сыртқы дене пішіміне қарап ажыратады екен.

ТОҒЫЗ ЭНЕРГИЯСЫ БАР
Ұлан: Сал ауруына шалдыққан балаларды емдейді дейді. Осы рас па?
С.Гринев: Иә, рас. Мұны ғылымда дельфинотерапия деп атайды. Адамның ағзасында, дене мүшесінде, тамшы қанында жеті түрлі энергия болады. Егер осы энергия жетіспесе, онда сол жерде ауру пайда болады. Бұл жетіспеушілікті емдік шөптер, бал мен жеміс-жидек арқылы толтыруға болады. Ал дельфиннің бойында тоғыз энергия бар. Ол адамдар жақындап, сөйлескенде, сипағанда бөлінеді екен. Науқастардың дельфиннен дертіне шипа табуының себебі де осы.
Р.Федотов: Бірақ, біздің дельфиндер балаларды емдей алмайды. Өйткені, суда баяу жүзетін, адамдарды ықыласпен тыңдайтын болу керек. Міндетті түрде дәрігерлер қажет. Мен Сочиде дельфинарийде жұмыс істегенмін. Сонда сөйлей алмайтын, жүре алмайтын кішкене қыз болды. Дельфинмен ұзақ уақыт емделді. Кейін өз аяғымен жүргенін көріп, сене алмадық.
Ұлан: Бұл жұмысқа қалай келдіңіздер? Арнайы оқуы бар ма?
Р.Федотов: Менің дельфиндермен жұмыс істегеніме көп уақыт болған жоқ. Оларды жақсы көріп, түсіне білу керек.
С.Гринев: Өкініштісі, оның арнайы оқуы жоқ. Алдымен төзімділік қажет. Сенің ауырып тұрғаныңды олар түсінбейді ғой. Еркелеп, су шашады, ысқырады, түкіріп те жібереді. Сол үшін осының бәріне шыдай білу керек.
Ұлан: Біздің балалар қалай қабылдады?
С.Гринев: Өте жақсы. Циркті түсінетіндеріне, жақсы көретіндеріне қуандық.
Р.Федотов: Алматының адамдарына, кішкентай көрермендеріне үйреніп қалдық. Қоштасу қиын болатын шығар.
Гүлфарида Зейнуллина
(«Ұлан», №9 3.03.2015)

zhasorken.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста