Мектеп бітіру кешінде ханшайым болғың келсе…

Мектеп бітіру кешінде ханшайым болғың келсе…

Мектеп бітіріп, аттестат алатын шақ – қандай оқушы үшін де жауапты сәт. Бұл күнді, әсіресе, қыздар қауымы асыға күтеді. Неге екенін іштерің де сезіп отыр ғой. Үлкен өмірге қадам басқалы тұрған ерекше кешті әр бойжеткен есте қаларлықтай қылып өткізгісі келеді. Сағаттап, айна алдында олай бір, бұлай бір бұралып, өзін бітіру кешінің ханшайымы етіп елестететін аруларымыз аз емес шығар, иә? Жөн-ақ. Бәрінің де ханшайым болғысы келеді. Бірақ ол үшін не істеу керек? Әрине, жұртты жалт қарататындай жаңаша образ қажет! Ал оны қалай жасаймыз? Міне, дәл осы жерде біз сендерге көмектесеміз!
Биылғы жылдың сәнді түстерінің бірі – көк. Сондықтан сәнқой аруларымыз көк түстің әртүрлі реңктерін таңдаса болады. Көйлектің үстіңгі жағы жылтыр-мен безендіріліп, мейлінше жабық болуы ашық кеудеге қарағанда жүз есе тартымды көрінеді. Осыны естен шығармаңдар. Ал ұлттық нақыштағы киім кигісі келетін бойжеткендер көйлек-тің үстіңгі жағын оюмен безендіріп, төменгі жағын төгіліп тұратын матадан тіктірсе, өте әдемі шығады. Егер Гэтсби стиліне жақын болсаң, қара түсті жабық көйлек таңда. Бұл көйлектің ерекшелігі – жеңдері бар болғанмен, қолды ерекшелеп, нәзіктігіңді одан әрі әйгілеп тұрады. Бірақ бітіру кешінің жаздыгүні болатынын да ұмытпа, көйлектің матасы тым қалың болып кетпесін. Ақшыл сары, қызғылт және пісте (фисташка) түстес жазғы көйлектер де ханшайым образын ашуға көмектесер еді. Өйткені, бұл түстер ешқашан сәннен кетпейді әрі кез келген қыздың ажарын ашып, келбетіне балғындық сыйлайды.
Көйлек таңдап болсақ, ендігі кезек – аксессуарда. Ханшайым болады екенмін деп, тәж киіп алудың қажеті жоқ. Иә, қымбат тастармен көмкерілген ауыр тәждер бір қарағанда әдемі көрінеді. Бірақ олар барлық киіммен бірдей үйлесе бермейді. Әрі-беріден соң, жылтырақ нәрсенің бәрі адамның жасын ұлғайтып көрсетеді. Сондықтан, сырға-жүзік-тің, шашқа тағатын әшекейлердің, білезіктің көзге ұрып тұратын тым жылтыр болмауына мән бер. Тасы көп, ауыр металдан жасалған аксессуарлардан да аулақ бол. Оның орнына, мейлінше жинақы, нәзік әшекейлерді пайдалан.
Көйлек пен әшекей-аксессуарларымызды түгендеп алған соң, шашқа назар аударамыз. Қоқиған, гүл секілді түйілген күрделі шаш үлгілері сәннен кеткен. Шаш неғұрлым бос, жеңіл әрі оңай тәсіл-мен сәнделгені жақсы. Егер шашың орта ұзындықта болса, бір жағыңа қарай жиып, ұшын жеңіл бұйралай салуыңа болады. Жиған жеріңе кішкентай гүл қадай қойсаң, тіптен керемет. Әрине, ол шаш үлгісі үстіңдегі көйлегіңе үйлесе ме, соған көз жеткізіп алуың керек.
Осы нәрсе сәнде екен деп, бас салып, көзді жұмып, істей салуға да болмайды. Бастысы, өзіңе не жарасымды, соны жақсы біліп ал. Сол кезде нағыз ханшайым өзің боласың!
Ботакөз МАРАТҚЫЗЫ
(«Ұлан», №20, 19 мамыр 2015 жыл)

zhasorken.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста