Неге шегені тот басады?

Неге шегені тот басады?

Тотығуға (коррозияға) ұшырайтын темірден жасалғандықтан шегені тот басады. Металл коррозиясы – бұл темірдің ауа оттегісімен тотығуға ұшырайтын химиялық үрдісі. Яғни ауадағы оттегімен темір қышқылданады. Бұл үрдістің нәтижесінде сыртқы көрінісі металға мүлдем ұқсамайтын тот пайда болады.Тек шегені ғана тот баспайды, сонымен қатар ауа оттегісінің немесе судың әсеріне ұшырайтын кез келген темір құрылымдарын да тот басады: рельс, темір баспалдақ, автокөлік, суға батқан кеме және т.б.Тотығу үрдісін атмосферадағы күкірт және азот оксидтері, теңіз суындағы еріген тұздар жеделдетеді. Темірді коррозиядан қорғау үшін оның бетін су және ауа өткізбейтін қабыршақпен қаптау керек. Оларға: майлы бояу, олиф, хром және никелді жабындар жатады. Темірді ішкі жағынан да қорғауға болады. Мысалы, медициналық құралдарды өндіруде қолданылатын жоғары қосынды болаттар (никель, хром сияқты әр түрлі элементтер қосылған болат) коррозияға ұшыратпайды.Сол секілді автокөліктер арнайы коррозияға төзімді қосындылармен жасалатындықтан ауа-райының әртүрлі жағдайларына төзімді болып келеді.

balalaralemi.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста