"Өз елімнің азаматы боламын!"

"Өз елімнің азаматы боламын!"

Шығарма
Қабылқанова Анар
8 сынып, Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы
Өскемен қаласы
Жетекші: Ибатаева Индира Айтахметқызы

Қандай ыстық бұл сезім – туған жерге деген сүйіспеншілік. Еркін көсілген байтақ өлке – менің елім күн келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!
Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жусан, ерке жел, жанға сая панамыз – Қазақстан көркем ел!
Жанға сая беретін, өміріне қуат, жанына нәр беретін туған жерден артық жер болмас. Бұл сенің алғаш өмірге келіп, дүниені көрген, өсіп- жетіліп, қуанышқа бөленген, бүкіл өміріннің бастауын алған жер. Оның кең байтақ даласы, хош иісті гүлдері, сыңғырлап аққан өзені, бүкіл табиғаты ешбір жермен теңелмес. Мен қазақ болғаныма және де осы кең байтақ жерімде туғаныма өте қуаныштымын. Мұнда бәрі бір отбасындай, бір туысқандай бір – біріне қарасқан. Еліміз бүгін, міне, достықтың туын тіккен жер. Еліміздің аз уақытта өркендеп, өркениетті елдермен терезесі тең болуына сүбелі үлес қосқан еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Елбасымыз еліміздің егемендігін тұңғыш жариялап қана қоймай, елдік пен даналықты әлемдік саясатпен ұштастыра білген айтулы тұлға, сондай-ақ елдің ел болып өркен жаюына, өркениетті мемлекет дәрежесінде танылуына білімі мен билігін, ойы мен парасатын, күш –қуаты мен жігерін жұмсап отырған қайраткер. Ол- мемлекет басшысы ретінде елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын кемеңгерлікпен айқындап, ел ішінде жаңа халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік жүргізу құқығын ҚР Конституциясына сай жүзеге асырып келеді. Н.Назарбаевтың алдына қойған ең басты мақсаты да адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының Конституцияға сәйкес іске асуы, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ел бірлігін сақтау.Мемлекеттің экономикасын және саяси жүйесін дамыту,халықтар достығын нығайту, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу екені баршаға аян. Мемлекетіміздің атынан өкілдік етіп келе жатқан ең жоғары лауазымды тұлға Президент Н.Ә.Назарбаев еліміздің абыройы мен атағын асқақтатып, Отанымыздың беделін биікке көтеріп келе жатыр. Елбасының беделі елдің берекесі, барды бағалай білу елдің әрбір азаматының қасиетті борышы.
Менің байтақ мекенім еңбекпенен ерлікке, байлықпенен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы. Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес!
Жер – ана бізге бәрін береді, оның жомарттығында шек жоқ. Тек қана оның бәрін дұрыс пайдалана білу қажет. Қазіргі кезде бүкіл дүние біздің Қазақстанды біледі. Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, сондықтан ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем танылған елге айналды. Қаншама ақын - жазушылар біздің жеріміздің көркемдігіне таң қалып керемет өлең ,жырлар жазған. Қанша адамдар осы жерден кетіп, туған жерін қимай қайта оралып жатты. Бәріміздің жүрегіміз «Туған жерім, туған өлкем» деп соғады және әрқайсысымыз елімізге пайда тигізе отырып, Абай атамыз айтқандай «Дүниенің бір кірпіші» болғымыз келеді. Бұл сөздердің жаны бар. Шынында да, біз бұл өмірде өз орнымызды тауып, адал еңбек етіп, халыққа пайдамыз тисін. Сонда халық сені сүйеді, мұратына жетерсің, олардың батасын алып алдында болатын қиыншылықтан сүрінбей өтерсің. Туған жерін сүйетін адам – ешқашан жолынан адаспас. Оның қалауы болса елі үшін, жері үшін өткелсіз судан өтіп, асусыз шыңға жетіп, аспаннан ай мен күнді алып беруге, керегі болса жанын да беруге дайын. Мұндай елжандылық сезім бізге бұрынғы ата – бабаларымыздан, ақын – жазушы, батырларымыздан, дәл өзіме келсем:
ең алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан- ақ ұстаздарым берген өнегелі тәрбиесінен келген. Осы сезім бәрімізді біріктіріп, жеңе алмас күш болуға көмектеседі. Туған жерімнің топырағы да ыстық, өзге елде тұру дегенді елестете де алмаймын.
Мен, туған жерімді, туған өлкемді және халқымды өте жақсы көремін.. Және, бәрінің де осындай болуын қалаймын.Туған жеріме деген ыстық лебізімді және мақтанашымды «Киелі мекен Қазақстан!» атты өлең жолдарымен жеткізгім келеді:

Киелі мекен Қазақстан!
Алып мекен ұшса қанат талатын,
Мөлдір суын ішсең шөлің қанатын,
Асау тұлпар төсінде еркін шабатын,
Киелі мекен Қазақстан!
Ешбір шыңдар жетпейді тауларына
Жемістері самсаған бауларында
Қазба-байлық толып, жатқан аумағында,
Киелі мекен Қазақстан!
Жылтыраған аспан түстес сулары
Айдындағы жүзген әсем қулары
Шетсіз-шексіз қарағайлы нулары
Киелі мекен Қазақстан!
Аспананда қалықтаған қыраны,
Бірлік пенен бейбітшілік ұраны
Шарықтаған кең далада жыр-әні.
Киелі мекен Қазақстан!
Бабалардың арманынан жаралған,
Тарихтардан үлгі-өнеге тараған,
Болашаққа нық сеніммен қараған,
Киелі мекен Қазақстан!
Аңқыған түрлі гүлдер белдерінде,
Шулаған үйрек-қазы көлдерінде,
Желбіреген тек биікте байрағы,
Бұзылмаған ұлтаралық қаймағы
Киелі мекен Қазақстан!
Міне, «Өз елімнің азаматы боламын!» атты шығармамда келтірер ой – түйінім осы. Әрине, туған жеріме деген сезімімді ақ парақтар бетіне сыйғыза алмаспын. Ол- менің мәңгілік жүрегімнен шексіз орын алып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста