Пластикалық шөлмек: зиян ба, әлде пайдалы ма?

Пластикалық шөлмек: зиян ба, әлде пайдалы ма?
Пластик шөлмектерін өртеген кезде улы түтін бөлініп, ауаны ластайды және адамның денсаулығына зиянын тигізеді. Пластик шөлмектерін өртеуге де, лақтыруға да болмайтынына көзім жетті. Бұл нәтижелерді өмірде дәлелдеу үшін тағы бір тәжірибе жасауды ұйғардық. 13 сәуір күні өзіміздің алаңға әкем екеуміз пластик шөлмегін, полиэтиленді пакет және газетті көміп тастадық.
13 қазан күні жаңағы жерді қайта қазып қарағанда шөлмек те, пакет те өз орнында, ал газет қалдықтарын мүлдем таба алмай қалдық.
Қала көшелерін аралаған кезде алдыңнан көп қоқыс шығады. Дегенмен пластик шөлмектерді кәдеге жарататындар да жоқ емес екен.
Көптеген балабақшалар өз ойын алаңдарында пластик шөлмектерінен көптеген бұйымдар, қажетті құралдар жасап қойған. Сондай-ақ, № 9 балабақшасында пластикалық шөлмектен жасалған пальма ағашын көрдік. Әдемі және пайдалы! Менің әжем тұратын аулада да көптеген заттар жасалған ,ол заттар ауланың сәнін келтіреді және ауладан өткен адамдарды қызықтырады.
Осыған байланысты мектепте «Экологиялық соқпақ» айын өткізуді ұсынамын. Бастауыш сынып оқушыларына ой-қиялдарына ерік беріп, бұйымдар жасау конкурсын ұйымдастыруды ұсынуға болады. Мен сол жобаға жазғы демалыс лагеріне арналған жиһаздарды жасауды ұсынғым келеді. Бұл жиһаздарды демалыс кезінде өз қолымызбен жасауға болады. Жазғы кезде адамдар ыстықта шөлдейді, сондықтан пластикалық шөлмектегі шырындарды, сусындарды жиі сатып алады. Мектеп лагеріне келген балалар да өздерімен бірге сусын ала келеді. Сол шөлмектерді жинап, өзімізге жиһаздар жасауға болады. Олар өте жеңіл , сәнді және тегін болар еді. Мен демалыс бөлмесіне диван, кресло, кереует жене табанға массаж жасайтын төсеніштер жасауды ұсынамын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста