Ұнға қуырылған балық денсаулыққа зиян

Ұнға қуырылған балық денсаулыққа зиян

Тұтынушылардың көпшілігі балықты көбіне ұнға аунатып пісіреді. Майдың түбінде қуырылып күйген ұн денсаулыққа зиян. Бұл турасында ОҚО эндокринологиялық диспансердің дәрігері Райша Қайратқызы «Отырар TV» телеарнасына берген сұхбатында айтып берді, деп жазады "Алаш айнасы" интернет-порталы «Бақ кз» порталына сілтеме жасап.
«Ия, адамдар балықты көбіне ұнға аунатып пісіреді. Бірақ, ұннан гөрі оған арнайы қоспалар жағып пісірген дұрыс. Себебі ұн майдың түбінде қуырылып, қарайып кетеді. Сөйтіп ол балыққа жабысады. Біріншіден, күйген дәм шығады, екіншіден, ол - денсаулыққа зиян» дейді дәрігер.
Дәрігердің айтуынша, балықты қуыруға арналған қоспаны үйде оп-оңай дайындауға болады. Ол тағамның көлеміне қарай әзірленеді.
Мысалы, 1,5 келі балыққа мөлшерленген қоспа үшін 2 жұмыртқаны жарып, араластырып, оған кішкене мөлшерде су құйып, ұн қосып, қаймақ тәрізді болғанынша араластыру керек. Аз-кем уақыттан соң қоспаға балықты біртіндеп салып, қоспаға аунатып алған соң, табадағы майға қуыраберсе болады.
Сондай-ақ, ысталған балықтарды кейбір науқастарға тұтынуға тыйым салынған. Оның ішінде бауыр, бүйрегі ауыратын адамдар жемегені дұрыс.
«Бұл балықтың түрін мүмкіндігінше балаларға да бермеу керек. Негізінде балықты қуырғаннан гөрі буға пісірілгені пайдалы. Балықтың қылтықтары мен қабыршақтары балалардың денсаулығына да қауіп туғызатын болғандықтан, оларды жақсылап өңдеп, котлет түрінде, буға пісіріп болып кішкентайларға ұсыну қажет» дейді ОҚО эндокринологиялық диспансердің дәрігері Райша Қайратқызы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста