Қазақстандағы жаңа пәндер: Оқушылар не үйренуде

Қазақстандағы жаңа пәндер: Оқушылар не үйренуде

Қазақстандық мектептерде 2022 жылдан бастап "Цифрлық сауаттылық" пәні бағдарламаға енгізіледі. Жаңа пәнді үшінші тоқсанда бірінші сынып оқушылары алғаш рет пәнін оқитын болады. Осыған байланысты Stan.kz Қазақстанда осы уақытқа дейін білім бағдарламаларына енгізілген жаңа пәндерге шолу жасады.

Айта кетсек, "Цифрлық сауаттылық" пәні енгізілмес бұрын оқушылар үшінші сыныптан бастап "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнін оқыған болатын. Енді цифрлық сауаттылық" пәні бірінші сыныптарға аптасына жарты сағаттан екінші және төртінші сыныптар аралығында 1 сағаттан оқытылайын деп отыр. 

 
2011 жылдан бері мектептерде жаңартылған білім мазмұны аясында бастауыш сыныптарда енгізілген пәндер:  

Жаратылыстану пәні қазіргі таңда бірінші және екінші сыныптарда аптасына 1 сағаттан, үшінші және төртінші сыныптарда аптасына 2 сағаттан жүргізіледі;

Шетел тілі пәні аптасына 2 сағаттан оқытылады;

Көркем еңбек кіріктірілген пәні аптасына 1 сағаттан өткізіледі. 

5-9-сыныптардың бағдарламасына енгізілген жаңа пәндер:

Көркем еңбек кіріктірілген пәні: 5-6 сыныптарда 2 сағаттан; 7-9 сыныптарда 1 сағаттан  жүргізіледі;

Міндетті факультативтік пәндер қатарына 9 сыныпқа арналған "Зайырлық және дінтану негіздері" кіреді. 

10-11 сыныптарда факультативтік пәндер ретінде “Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" сабағы аптасына бір сағаттан өтеді. 

2013-2014 оқу жылынан бастап еліміздегі жалпы орта білім беретін орта мектептерде білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен “Алаштану" пәні енгізілді. 

Алайда білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша қазіргі таңда  "Алаштану",  "Аймақтану" секілді пәндер бөлек оқу пәні ретінде оқытылмайды. Бұлар қазақ әдебиеті, тарих, география және музыка пәндерінің мазмұнына кіріктіріліп, "Өлкетану" оқулығы арқылы оқытылады. 

Сонымен қатар "Абайтану" курсы 9-11-сыныптарда вариативтік компоненттің сағаты есебінен білім беру ұйымының шешіміне орай оқытылады. Алдағы уақытта мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы мен хрестоматиясы енгізіледі. Қазір ол дайындалып жатыр.  

Бұдан басқа 2010 жылдың басында "Өзін-өзі тану" пәні 10500 білім беру мекемесінің 184-інде оқытылды. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап "Өзін-өзі тану" міндетті пән ретінде енгізілген болатын. 

Айта кетсек, "Жаһандық құзыреттілік" курсы аясындағы 5-сыныпта "Парасаттылық және әдеп", 6-сыныпта "Экология", 7-сыныпта "Эмоционалды интеллект және сыни ойлау", 8-сыныпта "Медиасауаттылық" факультативтік курстары білім беру ұйымының таңдауы негізінде және курсты енгізуге кадрлық және ресурстық мүмкіндік болған жағдайда оқытылуы ұсынылған. 

Білім беру ұйымы бейіні мен білім беру бағытына қарай вариативтік бөлімнен қажетті курстарды енгізе алады.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 4-сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" және 5-11-сыныптарға арналған "Информатика" пәндері бойынша оқу бағдарламалары қайта қаралған. 

Сондай-ақ 5-9-сынып оқушылары 3D-модельдеу мен 3D-принтингке бойынша білім алады. 10-11-сыныптардағы "Информатика" пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы IT-саласының заманауи даму үрдістерін ескере отырып әзірленген. 

Оқыту бағдарламасында IT-STARTUP, виртуалды және толықтырылған шынайылық, жасанды интеллект, мобильді қосымшаларды әзірлеу, BigData және тағы басқа тақырыптар бар. Сондай-ақ, барлық сыныптың оқу бағдарламаларына Интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері, авторлық құқық туралы тақырыптар енгізілген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста