Өмірбаян

Әбдіқадыр Кәрім


Әбдіқадыр Кәрім 1953 жылы 1 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Рабат ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Ташкент мемлекеттік университетін тәмамдаған. ІІІ сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, әділет генерал-майоры (1996).

1974-1987 жылдары Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасында тергеуші. Шымкент облысы прокуратурасында аға тергеуші. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары, Қазақстан Коммунистік Партиясы Шымкент облысы комитеті әкімшілік органдары бөлімінің нұсқаушысы, Шымкент облысы прокурорының 1-орынбасары болды. 1987 – 2001 жылдары Өзбекстанның Ташкент облысы Шыршық қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Шымкент қаласы Дзержинск ауданының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының 1-орынбасары, Жамбыл облысының прокуроры. Жамбыл, Алматы облыстары бойынша мемлекеттік тергеу комитеті басқармасының, департаментінің бастығы, ҚР ІІМ резервінде. ҚР Бас прокуратурасының азаматтық және шаруашылық істер бойынша сот қаулылары мен атқару ісінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, Маңғыстау облысының прокуроры. ҚР Бас прокурорының орынбасары – Бас әскери прокурор. Алматы қаласының прокуроры қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Батыс Қазақстан облысының прокуроры, одан кейін Жамбыл облысының прокуроры, 2009 жылы Қостанай облысының прокуроры болып еңбек етті. «ҚР-ның тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Қарулы күштеріне 10 жыл» тағы басқада бірнеше медальдармен марапатталған.




Көрілген: 3762    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 01.06.2015, 20:43

Достарыңмен бөліс:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30