Әбдіманап Әбубәкірұлы Оспанов

Әбдіманап Әбубәкірұлы Оспанов

Әбдіманап Әбубәкірұлы Оспанов 1954 жылы 4 сәуірде дүниеге келген. Техника ғылымының докторы, профессор.

1982 жылы "Ет-сүйек ұнын өндіру кезіндегі каракуль қозылары тушкасын майдалау үрдісін зерттеу және оптимизациялау" тақырыбынан "05.20.01 – Ауылшаруашылығы өндірістерін механикаландыру" мамандығы бойынша техника ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны нәтижелі қорғады (Алматы, ҚазАШИ).
1992 жылы "Тағамдық шикізат пен жем-шөптерді майдалау үрдістерін жетілдіру" тақырыбынан "05.18.12 – Тамақ өндрістерінің процестері мен аппараттары" мамандығы бойынша техника ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны нәтижелі қорғады (Мәскеу, МТИПП).
1991 жылы КСРО ЖАК коллегиясының шешімімен доцент ғылыми атағы, ал 1997 жылы ҚР ЖАК коллегиясының шешімімен профессор ғылыми атағы берілді. 2006 жылдан бастап Оспанов Ә.Ә. – Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының  мүшесі.
Ә.Ә. Оспановтың жетекшілігімен 7 техника ғылымының кандидаты және 1 техника ғылымының докторы дайындалды.
Ол ҚР БҒМ грантпен қаржыландыратын екі ғылыми жобаның жетекшісі:
1) "Отандық көпдәнді шикізаттан жоғары деңгейдегі дайындықтағы өнімдерді өндіру технологиясын жасау" (58 млн теңге)
2) "Стратегиялық бағыттағы таба нанын пісірудің жаңа әдісі" (6 млн теңге)
1993 жылдан 2010 жылдар аралығында ол ҚазАШМЭҒЗИ (1993-1996), ҚазЖЖШҒЗИ (1997-2001) және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университетінде (2006-2010) жұмыс жасаған кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестердің мүшесі болды, ал ҚазАӨӨҒЗИ (2002-2003) – аталған диссертациялық кеңестің төрағасы қызметін атқарды. 2011 жылдан бастап философия докторы (PhD), 6D070000 – Техникалық ғылым және технология мамандығы бойынша салалық доктор ғылыми дәрежесін беру үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де құрылған диссертация қорғау Кеңесінің мүшесі.
Сонымен қатар, Оспанов Ә.Ә. – ғылым мен техниканың дамуына аса үлкен үлес қосқан ғалымдар мен мамандар үшін 2010-2012 жылдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері.
Марапаттары: КСРО ХШЖК-нің күміс медалі (1987 ж.), "Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы" мерекелік медалі (2001 г.), "Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игерудің 50 жылдығы" мерекелік медалі (2004 г.), ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының құрметті азаматы (2008 г.).
Ә.Ә. Оспановтың жетекшілігімен алғаш рет Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде қайта өңдеу өндірістері технологиясы ғылыми-зерттеу орталығы (ҒЗО) құрылды. ҒЗО үш ғылыми-зерттеу зертханаларын қамтиды: 1) астық және оның өңделген өнімдері технологиясы; 2) нан және нан өнімдерін пісіру технологиясы; 3) тағамдық өнімдердің экструзиялық технологиясы.
ҒЗО "Қайта өңдеу өндірістері технологиясы" және "Технологиялық машиналар және жабдықтар" мамандықтары бойынша білім алатын магистранттар мен PhD докторанттарға арналған.
Ә.Ә. Оспанов 280-нен аса ғылыми еңбектердің иегері, соның ішінде 7 ғылыми монография, 2 ҚР БҒМ белгісімен басылған оқулық, 3 оқу құралы, 3 интеллектуалды меншік межесін мемлекеттік рәсімдеу куәлігі, 50-ден аса өнертабысқа арналған КСРО авторлық куәлігі және ҚР патенттері бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста