Өмірбаян

Абзал Бөкен


Абзал Бөкен 1949 жылы 1 ақпанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, қазіргі Нарманбет ауылында дүниеге келді. Сегізжылдық мектепті осында бітіріп, орта білімді Балхаш қаласындағы Абай атындағы мектепте 1966 жылы тамадады. Бұдан кейін екі жылға жуық ауылында әртүрлі жұмыстар атқарды. Осы кезде алғашқы балауса жырларын жазып, оны аудандық «Арқа еңбектері», облыстық «Орталық Қазақстан» газеттерінде жариялата бастады. Ақынның тұңғыш өлеңі 1967 жылы «Арқа еңбектері» газетінде «Уақыт» деген атпен жарық көрді. 1985 жылы Алматыға қызмет ауыстырып, әуелінде «Жалын» баспасында, кейін республикалық «Егемен Қазақстан», халықаралық «Заман Қазақстан», «Түркістан» газеттерінде және «Парасат» жуналында жауапты жұмыстар атқарды. Бірнеше дүркін республикалық және одақтық жас жазушылар кеңесінің қатысты. «Жалын» жабық конкурсының лауреаты, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі ақын Абзал Бөкенге 60 жасқа келуіне сәйкес 2009 жылдың тамыз айында «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» деген атақ берілді.

«Бастау» (1979), «Жалғыз желкен» (1986), «Ғасыр қанатында» (1988), «Салбұрын» (1991), «Сүмбіле» (1992), «Шың мен шыңырау» (1999) жыр кітаптары жарық көрген.




Көрілген: 3738    Пікірлер: 0

жұма, 31.01.2014, 13:55

Достарыңмен бөліс:

  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31