Амалбек Қозыбақұлы Тшанов

Амалбек Қозыбақұлы Тшанов

Амалбек Қозыбақұлы Тшанов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын тәмамдаған. Техника ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Совет ауылында орта мектептің лаборанты болып бастаған. 1961 жылдан Шымкент цемент зауытында слесарь болды. 1967-1969 жылдары Шымкент облыстық тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорынында инженер, бас инженер. 1969-1980 жылдары силикат-бетон зауытының шебері, диспетчері, прорабы, директоры, Шардара ауданындағы «Өнеркәсіптік құрылысматериалы» трестінің бас технологы болып еңбек етті. 1980-1988 жылдары "Оңтүстік құрлыс конструкциясы" трестінің бас инженері, басшысы. 1988-1992 жылдары "Оңтүстік құрлыс конструкциясы" мекемесінің бас директоры. 1992-1994 жылдары Шымкент қаласының әкімі. 1994 жылдың сәуір-қазан айларында Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс комитеті төрағасының орынбасары. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы құрылыс, тұрғын үй және аймақтарда құрылыс салу министрі. 1995-1998 жылдары Жамбыл облысының әкімі. 1998-1999 жылдары «Адис» фирмасының кеңесшісі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің 12-ші және 13-ші шақырылымының, 1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылымының, 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты болған. 2008 жылдан бастап Республикалық спорт колледжінің директоры.
«Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы ғылым және өнер академиясының академигі. ҚР Ұлттық ғылымы академиясының құрметті мүшесі.
Шымкен қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста