Арнұр Әлімжанұлы Садықов

Арнұр Әлімжанұлы Садықов

Арнұр Әлімжанұлы Садықов 1981 жылы 21 ақпанда Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүниеге келді.

1987 – 1991 жылдары Бұлақты орта мектебінде оқыды. 1991 жылы 5 сыныптан бастап Алматы қаласында жалғастырды. 1998 жылы Алматы қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы көп салалы қазақ гимназиясын тәмамдады.

1998 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң университетіне түсті. Мамандығы заңгер.

2000 жылы тұңғыш Республикалық Қазақ КВН-нің чемпионы атанды.

2000 жылы халықаралық Еуразиялық лиганың чемпионы.

2006 жылы Сочи қаласында өткен халықаралық «КиВиН» КВН ойындарының қатысушысы. Осы жылғы маусымда Белорусия астанасы Минск қаласындағы «Евролиганың» финалисті.

2002-2003 жылдары «Хабар» телеарнасындағы «Шатақхана» ойын-сауық бағдарламасының актері, сценарист.

2003-2004 жылдары «Шаһар» телеарнасындағы «Көңілді клуб» бағдарламасының жүргізушісі әрі авторы.

2004-2006 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінің тәрбие ісі жөніндегі бөлім бастығының орынбасары.

2006-2007 жылдары «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі. «Таң жарық», «Жаңа күн», «Сазды сәлем», «Ақ тілек», «Жайдарман», «Саз керуен» бағдарламаларын жүргізді.

2007 жылдан «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы «Қазақстан» ұлттық арнасының редактор-жүргізушісі. «Инвестиция иірімі», «Все об инвестициях», «Өмірдің өзі», қазақтың дәстүрлі мәдениетін қайта жаңғыртып, дәстүрлі өнерді насихаттаған «Сегіз қырлы» бағдарламаларын жүргізді.

«Алатау әуендері» концерттік бірлестігінің, «Құлансаз» халықтық этнографиялық-фольклорлық ән-би ансамблінің артист-жүргізушісі.

2012 жылдан бастап Алматы облысы Алакөл ауданында «Мадениет және тілдерді дамыту» бөлімінің басшысы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста