Өмірбаян

Баянғали Тоқанұлы Әлімжанов

  • Баянғали Тоқанұлы Әлімжанов

    Баянғали Тоқанұлы Әлімжанов

 Баянғали Тоқанұлы Әлімжанов 1954 жылы 16 қазанда Көкшетау облысының Степняк қаласында дүниеге келген. 1977 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін тәмамдаған.

С.Мұқановтың мұражайында, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Кітап жаршысы» газеттерінде, «Қазақфильм» киностудиясында, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында, «Көкшетау правдасы» газетінде, Еңбекшілдер аудандық мәдениет бөлімінде, Ш.Құсайынов атындағы Көкшетау облыстық қазақ драма театрында қызмет істеген. Қазір «Паң Нұрмағамбет» киностудиясының директоры және көркемдік жетекшісі. 1984 жылдан бері республикалық, облыстық деңгейде өткен айтыстарда сайысқа түсті, жиырма рет бас жүлдеге ие болған, талай дүркін жүлдегер атанған.

«Қиқыматтың хикаялары» (1982), «Ұя» (1985), «Жынды Қаратайдың қасиеті» (2000), «Қиқыматтың қиссасы» (1989), «Ауылдың ақ самалы» (2003), «Алаш пен Манас» (2004), «Әзіл шуағы» (2004), «Деген екен» (2005) атты кітаптардың, «Құдалық», «Қожанасыр», «Қайран кемпір-шалдарай», «Еркегі бар болғыр», «Жолбарыс пен Пони», «Алтын ноқта», «Қазақы сайлау», «Жас қазақ», «Қазаннан келген қызғалдақ» атты пьесалардың авторы. «Жыраулар», «Асылдың сынығы», «Палуан» атты деректі фильмдердің, «Ән мен анаша» атты көркем фильмнің сценарийін жазған. Көптеген ән текстерінің авторы.

Манастың мың жылдығына арналған Халықаралық манасшылар конкурсының арнайы жүлдесінің иегері. Қырғызстан Мәдениет министрлігі мен Композиторлар одағы тағайындаған А.Малдыбаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1995). «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».




Көрілген: 3522    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.10.2014, 08:28

Достарыңмен бөліс:

  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31