Досмұхамед Нұрахметұлы Нұрахмет

Досмұхамед Нұрахметұлы Нұрахмет

Досмұхамед Нұрахметұлы Нұрахмет 1956 жылы 4 сәуірде Алматы облысы Сарқанд қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Түркі академиясының вице-президенті. Философия ғылымының докторы, академик.

1979-1980 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің стажер-зерттеушісі. 1980-1986 жылдары - М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты, стажер-зерттеушісі. 1986-1989 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспар жанындағы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 1989-1990 жылдары - «Отырар» жастар тұрғын кешенінің ғылыми жетекшісі. 1990-1994 жылдары - әл-Фараби атындағы Жас таланттарды қолдайтын республикалық қордың президенті, бас директоры. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ғылым, білім және жаңа технологиялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 1995-1997 жылдары - әл-Фараби атындағы Жас таланттарды қолдайтын республикалық қордың президенті, бас директоры. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі агенттіктің Парламентпен байланыс жөніндегі хатшысы. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұйымдастыру және кадр жұмысы департаментінің директоры, «Қазақстандық эксперттік қызмет» ЖШС-ның президенті. 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарған.  2002 жылдың сәуірінен бастап «Қазақстандық эксперттік қызмет» ЖШС-ның президенті, Қазақстан жалпыұлттық патриоттық қозғалысының тең төрағасы, «Қазақстан» ұлттық-патриоттық қозғалысының төрағасы болды. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста